«Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі»

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Халықаралық зерттеулер, ақпараттық талдау, сараптау» бөлімінің ұйымдастыруымен, «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытудың жағдайы мен жаңа оқу жылына арналған міндеттер» атты педагогикалық пәнаралық секциялық отырысы онлайн форматта өтті. Іс-шараның мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру бойынша жұмысты жетілдіру.
 
2020-2021 жылғы мұғалім мен оқушылар арасындағы түрлі жетістіктер, кемшіліктер талқыланып, құнды баяндамалар оқылды. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагог оқушыларының білімін толықтыру бойынша арнайы жұмыстарды ойластырып, тиімді жұмыс жүргізу керектігі талқыланды. «2021-2022 оқу жылына арналған оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік хатпен таныстырылды.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...