Шымкентте «Жомарт жүрек» лауреаттары марапатталды

Шымшаһарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан туған жерін түлетуге ат салысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.
 
– Бүгінгі басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, шымкенттіктер мақтан ететін жомарт жүректі азаматтарға арналады. Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру — жомарттықтың белгісі. Ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азаматтары әлеуметтік жағдайы төмен жандардың жанынан үнемі табылатыны ақиқат, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы
 
Айта кетейік, биыл байқаудың аудандық кезеңіне төрт ауданнан 33 азамат ұсынылған. Оның ішінде 20-сы түрлі номинациялардың иегерлері атанды. Ал қалалық кезеңнің қорытынды марапаттау сәтінде 5 азамат
осындай құрметке бөленді.
 
«Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша «БаллТекстиль» ЖШС-нің бас директоры, кәсіпкер Исхахов Талғат Жүнісбекұлы, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша ерікті Асан Жазира Тілеубергенқызы, «Туған өлке» номинациясы бойынша кәсіпкер Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша кәсіпкер Наимбекова Айжан Ізбасханқызы, ал «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясы бойынша кәсіпкер Төлбасов Серік Қарабекұлы марапатталады.
x

Check Also

Ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық негізгі құндылығымыз

Бірлігі жарасқан еліміз өзінің тағы да бір асқаралы кезеңі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына үлкен табыстармен келіп отыр. ...

Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. ...