«Атамекен» экспедициясы Шымкенттің киелі жерлерін аралады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Атамекен» экспедициясы Шымкенттің киелі жерлерін аралады

Республикалық «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы бүгін үшінші мегаполис Шымкентте жалғасты. Бұған дейін көрші өңірлерде бастауын алған «Атамекен» экпедициясы — «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» репсубликалық газеттерінің бірлесіп қолға алған жобасы.
Бүгін құрамында белгілі журналистер, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары, тарихшы-ғалым, этнограф, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсе және БАҚ өкілдері бар экспедиция 2200 жылдық тарихы бар Шым шахардың киелі жерлеріне зиярат жасады.
 
Танымдық саяхат ескі қалашық «Цитадель» қамалын аралаудан басталды. Тарихи нысанда көпжылғы жерасты археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде табылған әрбір зат цитадель музейінің негізгі экспонаттары ретінде сақталып, Шымкент қаласының ең алғашқы қала болуы тарихынан шынайы сыр шертеді.
Цитадель қалашығында ашық аспан астындағы мұражай, галереялар, жәдігерлер, қолөнер бұйымдары, ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын өзге де қызықты нысандар көп.
Қазір саяхаттаушылар Сайрам тұрғын алабында орналасқан киелі жерлерге жол тартты. Атап айтқанда, олар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Хызыр» мұнарасының тарихын зерделеп, қазіргі жай-күйімен танысып, зиярат жасамақ.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...