2023 жылы Шымкент 100% ауыз сумен қамтылады

Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Оtyrar.kz. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады дейді мамандар. Қазір қаладағы сексен бір  елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. Ал 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, жеті елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді екен. Жыл соңына дейін үш магистралді, он бір ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін тоғыз елді мекен ауыз суға қол жеткізеді. Жауаптылар 2023 жылы Шымкент қаласында ауыз су мәселесі толықтай шешіледі сендіріп отыр.

x

Check Also

Гимн в тысячи сердец: Шымкент отпраздновал День государственных символов у самого высокого флага мегаполиса

У подножия самого высокого флага Шымкента разлился мощный хор, сотканный из множества голосов. В 11 утра здесь зазвучал Государственный гимн ...

Мыңдаған жүректің үні: Шымкент Мемлекеттік рәміздер күнін елдік рухпен атап өтті

Шымкент қаласындағы ең биік Ту тұғырында мыңдаған жүрек бір ырғақта соғып, Мемлекеттік гимн әуеледі. Сағат 11:00-де қала аспанын шарлаған осы ...