Қаламыздағы көгалдандыру жұмыстары

Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Ауданға қарасты жетпіс екі басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.
 
Ал көпқабатты үйлерде төрт жүз аула мен үш жүз отыз екі  ішкі орамдық көшелердің дарақтарын санитарлық қырқу және оларды арнайы техника көмегімен шығару, шөп ору жұмыстарына «Назар» ЖШС-і жауапты. Бүгінде мердігер мекеме аулаларда 1 354 дана ағашты санитарлық қырқу, 1 2438 дана ағаш түбін әктеу жұмыстарын жүргізген.
Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары ауа-райына сәйкес қараша айында жалғасатын болады.
x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...