Биыл Достық тұрғын алабын электрмен жабдықтау жұмысы аяқталады

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы «Жолсерік» ЖШС тарапынан биылғы жылдың маусым айында басталған.
Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімі М.Әйтеновтің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
 
Қазіргі уақытта мұнда екі жүз жиырма төрт электр бағанасы орнатылып, он төрт шақырым электр желісі тартылды. Құрылыс жұмыстарының 70 % аяқталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады.
Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде Достық тұрғын алабындағы екі  жүз отыз төрт  отбасы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...