Азия чемпионаты: ел қоржынында – бір алтын, бір күміс жүлде — Xnews — ақпарат агенттігі

Азия чемпионаты: ел қоржынында – бір алтын, бір күміс жүлде

Кеше Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.
Ересектер арасында он метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.
 
Жастар арасында тапаншамен он метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді.
 
Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...