Қытай карантиндегі қомақты ақшаның көзін жойғалы жатыр

Қытайда коронавируспен күрес аясында ақшаның да көзін жоюды жөн деп шешкен, деп хабарлайды Xnews zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Гуанчжоудағы Қытайдың орталық банкі коронавирус ошағы болған өңірдің ауруханалары, автобустары, базарлары мен елді-мекендерден жиналған ақшаны жоятынын мәлімдеді. Коммерциялық банктерге коронавирус жұқтырған өңірлерген алынған ақшаны бөлек сақтап, оны Орталық банкке өткізу тапсырылды.

Ақшаның бір бөлігі жойылмайды. Олар зарарсыздандырылып, 14 күннен кейін айналымға қайта шығарылады.

Ал жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, 73 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, одан 1900 адам көз жұмды.

Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялады. Талдау нәтижелері Қытайдан оралған қазақстандықтарда коронавирус жоқ екенін көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Олжас Бектенов мұнай және көмір химия өнеркәсібінде ауқымды жобаларды іске қосу жоспарлары туралы баяндады

Биыл Қазақстанда ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды. ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы ...

Многодетным семьям снизят налоговую нагрузку в Казахстане

В январе 2025 года в Казахстане была принята новая норма, направленная на поддержку многодетных семей. Согласно нововведениям в налоговом законодательстве, ...