Шымкентте спорттық инфрақұрылым дамып келеді

Мемлекет басшысы денсаулық кепілі – дене шынықтыру екенін, халқымыздың, әсіресе балалардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуы қажет деген болатын.
Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде бүгінде 4 096 баланы қамтуға 28 спорт түрінен секциялар ашуға 339,8 млн. тг қаралды.
 
Спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша спорттық инвентарь сатып алуға 448 млн. тг қарастырылды.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін қала аумағында тұрғын алаптар мен шағын аудандарда 115 спорт алаңшасы салынуда.
Сонымен бірге, осы жылы алғаш рет оқушылар мен студенттер арасында «Жастар лигасы» спорттық іс-шарасы өткізілді.
 
Екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргзіледі және 2021-2025 жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 6 спорт кешенін салу жоспарлануда.
Жалпы қалада 890 спорт нысандары бар болса, спортпен шұғылданушылар саны 325 мың адам немесе 30,6 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 35 пайызға жеткізу көзделуде.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...