Үкімет шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды, Xnews  zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

«Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан – 23 млрд теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге» делінген Үкімет сайты келтірген деректе.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет, — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент: 2025-2027 жылдарға арналған бюджет нақтыланды

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған ...

Түркістан: Инвестициялық жобаларды сапалы электр желісімен қамту жолдары қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Арыс қосалқы тарту бекетінде кеңес ...