Diamond Princess

Жапонияда карантинде тұрған кемеде Қырғызстан азаматы коронавирус жұқтырды

Жапонияда Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырғандардың арасында Қырғыз Республикасының азаматы да бар болып шықты, деп хабарлайды Xnews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзірге, дәрігерлер кеме бортында COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 67 жаңа жағдайын анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кемеде індет жұқтырғандар қатарына тағы мына елдің азаматтары келіп қосылды: Австралия (5), Канада (3), Қытай (3), Германия (2), Гонконг (1), Қырғыз Республикасы (1), Үндістан (2), Жапония (27), Филиппины (17), Тайвань (1), АҚШ (5).

Біз Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтарға медициналық көмек көрсетуге арналған хаттамаларға қатысты нұсқауларын орындап жатырмыз, — деді Princess Cruises круиздік кемесінің өкілдігі World of Cruising.

Кеме 5 ақпаннан бастап Йокогама портында екі апта бойы карантинде болды. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-2019 індетін жұқтырған жолаушылардың жалпы саны 450 адамнан асты. Бортта барлығы 3 400 адам бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстан мен Мажарстан жоғары білім беру серіктестігін нығайтуда

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештке сапары аясында Мажарстан Мемлекеттік жиналыс төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Президент Мажарстанға сапары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын ...

IT мамандарымыздың жобасы әлемдік конференцияда таныстырылды (видео)

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында әлемдік стартап жасаушы, IT мамандардың басын қосқан ірі конференция өтті, деп хабарлайды 24KZ. Silkroad Innovation Hub ұйымдастырған ...