Тоғыс тұрғындарына жолдауды насихаттау бойынша жиын өтті

Еңбекші ауданында ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 мектепте осы аумақта тұратын зиялы қауым өкілдерінің және тұрғындарының қатысуымен кезекті кездесу өтті.
Кездесуде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
 
-Ауыл шаруашылығымен айналысатын аймақтар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатындар экономикалық дамуда бірқатар қиыншылықтарға тап болып отыр. Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын теңгерімді түрде дамытуға негізделмей, елдің экономикасының артуы және халықтың әл-ауқатының жоғарылауы сөз жүзінде қалып қоятын іргелі мәселелерге айналып келеді.
 
Осы өткір мәселе Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілуі өзекті де өміршең болып табылады. Бұл бағыт бойынша Президент, «Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейту, ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану, жайылымдық жерді тиімді пайдалану маңыздылығын атап өтті, — деді С. Мәжінбеков.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...