«OTBASY FEST» жас отбасыларға серпін берді

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Отбасы күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде «OTBASY FEST» атты отбасылық сайыс жас отбасыларға серпін берді.

А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Рухани қоғам әлемі» қорымен бірлесіп өткен іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Жарыста бірінші орын алған Ниязалиевтер отбасына теледидар берілді. Іс-шараға белсене қатысқан он отбасы Алғыс хаттармен және демеушілер есебінен түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «SHANYRAQ» орталығында өткен арнайы іс-шараларда көпбалалы аналар қуанышқа кенеліп, еңбектері еленді.

«Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлескен «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында арнайы психологиялық тренинг және «Отбасы – Отан тірегі» атты іс-шара өткізілді.

Аталған жиынға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова, қалалық мәслихат депутаты Н.Керімбаева қатысып, батыр аналарға еліміздің демографиясына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

11 баланың анасы Қ.Дарибаева, 10 балалы ана Ж.Егембердиева және 12-ші перзентін дүниеге әкелуге дайындалып жүрген Ж.Әлжановалар сөз сөйлеп, өз қуаныштарымен бөлісті.

Сондай-ақ, перзенттерін жалғыз тәрбиелеп жүрген 2 әке де осындай қуанышты күн сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

x

Check Also

Жоспар талқыланып, меже нақтыланды

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында ...

Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды

Шымкент әуежайы жаңа терминалының ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ президенті Владимир Денисов қатысты. Ресми іс-шаралар ...