Білікті кадрлар даярлау — басты міндет — Xnews — ақпарат агенттігі

Білікті кадрлар даярлау — басты міндет

Әлемдегі орын алған пандемия дәрігерліктің аса қажетті мамандық екенін дәлелдей түскендей. Коронавируспен күрес кезінде қаладағы барлық медициналық оқу ордаларының соңғы курс студенттері де жұмылдырылған болатын. Сондықтан білікті кадр дайындау әрдайым басты міндет болып қала бермек.

Шымкенттегі жоғары медициналық коллежді осы бағытта жұмыс жасап жатқан бірегей білім беру мекемесі. Колледж жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Мұнда орта буын медициналық қызметкерлерінің білімін жетілдіру бөлімшесі, симуляциялық орталықтар бар.

Бүгінде Жоғары медицина колледжінде 2 мыңнан аса студент білім алады. Кадрларды дайындау 8 мамандық, 9 біліктілік бойынша жүргізіледі: фельдшер, акушер, жалпы практика мейіргері, мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры, гигиенист-эпидемиолог, дантист, медициналық лаборант, фармацевт және тіс технигі.

Биыл медицина колледжін 552 студент бітірген. Оқу орнын бітірген жас мамандардың басым бөлігі өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...