Шымкент циркінің мамандары балаларға шеберлік сағатын өткізді

Шымкент қаласындағы «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент — Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.

Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.

Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Ал оны емдеуге жылқыға мініп жаттығу көмектеседі.

Жылқыға мініп жаттығу арқылы емдеудің тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындаған. Бүгінде ерекше балалар сәйгүліктерге мініп біраз серуен құрды. Таңдап алынған жылқылар салт жүріске жайлы, тарпаң мінезі жоқ, жуас. Атпен серуендеу ең алдымен тамаша массаж. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді.

Иппотерапия:
— Дене белсенділігі артырады;
— Жаңа қабілеттері ашуға көмек етеді;
— Психикалық оңалудан өтуге үлес қосады;
— Цеберальды сал ауруларын оңалтуда септігін тигізеді;
— Ойлау қабілетін жақсартады;
— Бойдағы қорқыныш пен үрейден арылтады.

Қосалқы мектеп-интернатының меңгерушісі де балалардың айрықша қуанғанын айтып, Шымкент-Циркке алғысын білдірді. Алдағы уақытта Цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...