Бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысы — Xnews — ақпарат агенттігі

Бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысы

Кеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті.

Онда Мәжілістегі саяси пар­тия­лардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары ресми тір­кеуге алынды. Сонымен қатар, бюрода Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді бөлу мәселелері де назардан тыс қал­мады.

Сондай-ақ, палата бюросының қау­лысымен осыған дейін Аппарат басшы­сының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Жүгінісов Парламент Мәжілісі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Экономикалық өсімнің нәтижесі неге бірден сезілмейді? Саясаттанушы түсіндірді

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 қазанда Ақордада жариялаған Қазақстанның даму көрсеткіштеріне талдау жасады. Ол өз сараптамасын FINANCE.kz ...

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс IV конференциясы өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс IV конференциясы өтті. Жиынға партия өкілдері, өңірлік филиалдардың басшылары ...