© ktk.kz

4 жыл бойы түрмеде отырған шымкенттік ақталып шықты

«Өмірім күл-талқан болды». Төрт жыл бойы текке түрмеде жатқан шымкенттік Роман Цой өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығып, өтемақы ретінде 5 миллион теңге өндіріп алды деп абарлайды Xnews KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Есірткі сататын жын-ойнақ орын ұйымдастырды деп айыпталып, 7 жылға сотталған Шымкент тұрғыны түрмеде жатып өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шықты.  

Өзін ақтап қана қоймай, мемлекеттен өтемақы талап еткен Роман Цойға Қаратау аудандық соты 5 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды.

2015 жылы аса ауыр баппен сотталып, жазасы қатаң режимдегі түрмеге тоғытылған Роман Цой өзінің кінәсіз екенін айтып, адвокаты арқылы түрлі инстанцияға тоқтаусыз хат жазыпты. Ақыры 2019 жылы оны ақтаған сот келтірілген залалды өтеу құқын береді. Сондықтан, нашарлаған денсаулығы мен талқандалған тағдырына 20 миллион теңге талап еткен Роман Цой бес миллионның тым аз екенін айтады. Бірақ бостандыққа шыққанына шүкір еткен ол ары қарай арыз жазып, өзін нақақтан нақақ түрмеге тыққандарға шағым түсірмеймін деп отыр. Десе де, сот барысында жиналған наласын ақтарды.  

«Түрмеде денсаулығымнан айрылдым. Мені уайымдаған туыстарым, әсіресе, анамның да денсаулығы сыр берді. Өмірімнің күл-талқаны шықты. Тіпті сол жылы үйленемін деп жүрген едім. Мен түрмеге түскен соң, қалыңдығым мен бірге дос-жарандарым менен теріс айналып кетті», — дейді Роман Цой.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ...

Итоги года: усиление борьбы с правонарушениями, защита прав женщин и детей, принятие комплексных мер по предупреждению и ликвидации ЧС

Редакция сайта Primeminister. kz продолжает серию публикаций об итогах развития Казахстана в 2024 году. В уходящем году органы внутренних дел ...