Қапшағайда жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Xnews «ҚазАқпарат«-қа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні WhatsАpp желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған.

«Жедел іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», — деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Істі Қапшағай қаласының тергеушілері жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ұсталған күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Страны Центральной Азии защитили экономику от негативных эффектов войны в Украине – МВФ

Казахстан добивается роста ВВП благодаря инвестициям в энергетическую и горнодобывающую отрасли. Что произошло Экономика Казахстана продемонстрировала устойчивость на фоне продолжающегося ...

Түркия Орталық Азияны «Түркістан» деп атамақ (видео)

Орталық Азия емес Түркістан. Түркия біздің географиялық өңірді осылай атамақ. Бұл туралы осы елдің Ұлттық білім беру министрі мәлімдеді. Министрдің ...