Түркістанда білім беру саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда білім беру саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім саласына қатысты тың идеялармен келген топпен кездесті.

Топ құрамында баспагер Гаухар Саймасаева, жоба жетекшісі, TopIQ IT компаниясының басшысы Анель Баталова, Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші-монументалист, «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітап-альбомы суретшісі Дәурен Қастеев болды. Кездесуде білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен инновациялық жобалар талқыланды.

Кездесу барысында «TopIQ: Smart Class 2.0» жобасының мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған жоба оқушылардың білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, оқу процесін дараландыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» кеден бекеті ашылды

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасында жаңғыртудан өткен Түркістан облысындағы «Жібек жолы» және Ташкент облысындағы «Гишт-Көпір» өткізу пункттері ресми түрде жұмысын ...

Түркістанда 5 өндірістік кәсіпорын іске қосылады

Түркістан қаласында өндірістік әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бекзат мөлтек ауданында 20 ...