Шымкенттің тұрғын үй қоры мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарға арналған жаңа пәтерлермен толықты. «Qyzgaldaq saraiy» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 70 отбасыға пәтер кілттерін табыстады.
Бұл үйлер Асар-2, Бозарық, Тұран шағынаудандары мен 189-орамда орналасқан.
Айта кетейік, барлық пәтер кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілді. Бұл формат азаматтарға пәтерде тұрып, белгіленген шарттарға сәйкес оны кейіннен өз меншігіне сатып алуға мүмкіндік береді.
Пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты аналарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге үлестірілді.
Айта кетейік, Шымкентте тұрғындардың баспаналы болу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктері қолданылуда. Кейіннен сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлер – осындай қолдау түрлерінің бірі. Бұл әдіс отбасыларға баспана жағдайын жақсартуға және болашақта жеке меншігіне алуға мүмкіндік береді.
Шымкентте бұл бағыттағы жұмыс тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қажеттіліктері мен мемлекет тарапынан көзделген қолдау тетіктерін ескере отырып жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
➖
Своя квартира с правом выкупа. В Шымкенте жильё получили 70 семей
Жилищный фонд Шымкента пополнился квартирами, предназначенными для граждан, нуждающихся в государственной поддержке. На площадке комплекса «Қызғалдақ сарайы» аким города Габит Сыздыкбеков вручил ключи от квартир 70 семьям. Жильё расположено в микрорайонах Асар-2, Бозарык, Туран и 189-м квартале.
Отметим, все квартиры предоставлены в аренду с правом последующего выкупа. Данный формат предусматривает проживание в квартире с возможностью её дальнейшего приобретения на установленных условиях.
Квартиры распределены между гражданами с инвалидностью, семьями, воспитывающими детей с особыми потребностями, многодетными и неполными семьями, вдовами, лицами, приравненными к ветеранам Великой Отечественной войны, детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей, а также государственными служащими.
Расширение жилищных возможностей горожан предполагает использование различных форматов поддержки. Арендное жильё с правом выкупа — один из них. Такой подход даёт семьям возможность улучшить свои жилищные условия и в дальнейшем приобрести квартиру в собственность.
В Шымкенте работа в этом направлению ведётся с учётом потребностей очередников и предусмотренных государством механизмов поддержки.
Пресс-служба акима города Шымкент
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары