Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан қоржынына жүлде салды.
Жерлесіміз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жұлқа көтеруде 182 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі нәтижемен әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Бұл – спортшының табанды еңбегі мен кәсіби дайындығының нәтижесі. Нұрғиса Әділетұлының жеңісі – Ордабасы ауданы мен Түркістан облысының зор мақтанышы, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық жетістік.
Жерлесімізді әлемдік додадағы жоғары нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да Қазақстанның абыройын асқақтатып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары