«Қарагөз» спектаклі ТҮРКСОЙ фестивалінде үздік классикалық қойылым атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қарагөз» спектаклі ТҮРКСОЙ фестивалінде үздік классикалық қойылым атанды

Түркістанда өткен халықаралық студенттік театр фестивалінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «24.kz».

5–8 қазан аралығында Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық студенттік театр фестивалі өтті. Өнер додасына Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркияның шығармашылық ұжымдары қатысты.

Төрт күнге созылған фестиваль барысында жас әртістер өз өнерлерін ортаға салып, көрермен назарына түрлі қойылым ұсынды. Сондай-ақ қатысушылар түркі халықтарының сахна өнерімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты.

Фестиваль қорытындысы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері «Үздік классикалық спектакль» номинациясында жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы Мұхтар Әуезовтің пьесасы негізінде сахналанған «Қарагөз» спектаклін жоғары бағалады.

Қойылымды «Драма театры және кино артисі» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттері сахналады. Спектакльдің қоюшы режиссері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали.

Аталған жетістік отандық театр өнерінің жас өкілдерінің кәсіби әлеуетін танытып, қазақ драматургиясының халықаралық мәдени кеңістіктегі орнын айқындай түсті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...