Түркістанда Абай мұрасы насихатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Абай мұрасы насихатталды

Түркістанда Абайдың туған күніне орай тағылымды іс-шара өтті. Жиналған көпшілік алдымен ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерінен әдеби композиция ұсынды. «Абай әлемі: Ойдан-өнегеге» тақырыбында кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кемеңгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын әдебиеттер мен көркем туындылар қойылды. Ұйымдастырушылар жиналғандарға «Абай жолы» роман-эпопеясын сыйға тартты. Одан кейін Абайдың рухани мұрасын ұлықтауға арналған іс-шара «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған әдеби-танымдық кешке ұласты. «Ясауи» музейінде өткен жиында Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихатталды. Ақынның өнегелі өмірі сахыналық көрініс арқылы баяндалды. Әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Айгүл Үркімбаева, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері:
— Абай 7 қара сөзінде «Жас бала анадан туған кезде екі түрлі мінезбен туады» дейді. Оның бірі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұл — тән құмарлығы. Екіншісі — үйренсем, білсем, көрсем деп туады. Бұл — жан құмарлығы деп айтады. Жан құмарлығын Абай жоғары бағалайды. Өйткені өзге тіршілік иесінен адамды ақылы, білімі ерекшелендіреді екен. Қорыта айтқанда, Абай жастарды кітап оқуға, ғылым-білімді үйренуге, үлкенді сыйлап, солардан үлгі алуға үйретеді.

24.kz

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...