Жантаир Бектас – аралас жекпе-жектен ел чемпионы — Xnews — ақпарат агенттігі

Жантаир Бектас – аралас жекпе-жектен ел чемпионы

Шымкенттік жас спортшы аралас жекпе-жектен ел чемпионы атанды. 50 келі салмақта алтыннан алқа тағынған Жантаир Бектас бірнеше халықаралық жарысқа жолдама алып үлгерген. Тартысты бәсекеде қарсылас шақ келтірмеген 17 жастағы жеңімпазды шаһар тұрғындары ерекше қошеметпен қарсы алды.

Әуелеген ән, зор қошеметпен шымкенттіктер ММА-дің АММА түрінен Қазақстан чемпионын қарсы алды. 7 жасынан бастап спорт тізгінін берік ұстаған Жантаир Бектас жекпе жек өнерін ерекше ұнататынын айтады. Ол тынымсыз еңбек пен жаттығудың арқасында 50 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел біріншілігінің алтынын еншіледі.

Жантаир Бектас, Қазақстан чемпионы: «Осы Қазақстанда 4 қарсыласпен шықтым. Екеуін тез жеңдім ауырту әдісімен. Екі қарсыласымды аяғына ойнап, баллмен ұттым. Мақсат Құдай қаласс UFC төрін шулату. Қазақстанның көк туын желбіретіп, әлемге мойындатып, өзімнің Алиш ММА командамды бүкіл әлемге шулатқым келеді».

Ішкі додада бірнеше рет бақ сынаған Жантаир Бектас тек жүлдегерлер қатарынан көрінген. Ал бұл жолғы жетістігі оның табандылығының арқасы дейді баркері.

Нұрсұлтан Әлішов, ALISH MMA командасының бас бапкері: «Бұл алтынды біз 2023-тен бері күттік. Күміс алған болатын, қола алған болатын. Алланың қалауымен алтынға да жеттік. Тәртіп қой бұл жерде. Тәртіп және талантты жігіт. Екі мезгіл күніне жаттығады. Азанды-кеш залдан шықпайды. Ол жарысқа тіпті өзі 2 апта қонып дайындалған болатын».

Жігерлі спортшының жетістігі – тұтас бір әулеттің мақтанышы. Жантаирдің өзінен бөлек екі бауыры да спорттан алыс емес. Қазірдің өзінде бұл шаңырақта екі бірдей Қазақстан чемпионы бар. Сондықтан бұл отбасы көпшілік арасында «чемпиондар әулеті» атанып үлгерген.

Ерсейіт Жолымбеков, чемпионның атасы: «Жантаирдың бүгінгі чемпион болып келгені Қазақстанның чемпионы болып келгені үлкен қуаныш. Бұған жетудің өзі өте үлкен еңбек болды. Міне Құдай қаласа бізді үлкен қуанышқа бөлендіріп отыр. Оның енді Азия чемпионы болуына тілектеспіз»

Айнабек Абитов, чемпионның атасы: «Әулетте ақ түйенің қарны жарылды деп есептейміз. Себебі мына Жантаир баламыз, міне Қазақстанның чемпионы болып келе жатыр. Бұл қанша дегенмен еңбек. Қанша тер төгілді. Үш жылдан бері осы Қазақстан Чемпионатына қатысып жатыр».

Оқу мен спортты қатар алып жүрген талантты жас қазір 3-курс студенті. Білім ордасының ұжымы да жас чемпионның бұл табысына ерекше риза.

Адас Оразбаева, Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің бөлім меңгерушісі: ««Бұл жетістік Жантаирдің ерен еңбегінің кәсіби дайындығының нәтижесі деп білеміз. Біз білім алушыларға тек қана білім саласындаға ғана емес сонымен қатар спортта да жетістікке жетуіне үлкен қолдаулар жасаймыз».

Ел біріншілігінде топ жарған Жантаир Бектас Азия және Әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Енді ол Шымкенттің ғана емес, барша Қазақстанның абыройын байрақты бәсекеде қорғайтын болады.

© “Otyrar” телеарнасы

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...