Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алуға, олардың ауыр ағымының және асқынуларыныңқаупін төмендетуге бағытталған маңыздыпрофилактикалық шара. Жоспарлы иммундаухалықтың инфекцияларға қарсы қорғанысынқалыптастыруға және олардың таралуын шектеугеықпал етеді.
Қазақстанда Ұлттық профилактикалық екпелеркүнтізбесіне сәйкес бірқатар жұқпалы ауруларғақарсы жоспарлы вакцинация жүргізіледі. Олардыңқатарында туберкулез, В вирустық гепатиті, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді және пневмококк инфекциялары, қызылша, қызамық, паротит және адампапилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпелер бар. Қажет болған жағдайда эпидемиологиялықкөрсетілімдер бойынша да вакцинация жүргізіледі.
Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдыналуда екпенің маңызы зор. Мәселен, В вирустықгепатиті бауырды зақымдайтын инфекция болыпсаналады және қан арқылы, сондай-ақ жұқтырғанадамның кейбір биологиялық сұйықтықтарыарқылы берілуі мүмкін. Вакцинация осы инфекциядан қорғанудың тиімді тәсілдерінің біріболып табылады.
Қызылша, көкжөтел, дифтерия, полиомиелит жәнебасқа да инфекциялар денсаулыққа кері әсер етуімүмкін. Сондықтан профилактикалық екпелердібелгіленген мерзімде алу және вакцинацияғақатысты медициналық мамандардың ұсынымдарынсақтау маңызды.
Екпе медициналық тексеруден кейін, белгіленгентәртіпке сәйкес және медициналық қарсыкөрсетілімдер ескеріле отырып жүргізіледі. Вакцинация адамның жеке денсаулығын қорғауменқатар, қоғамдағы инфекциялық аурулардыңтаралуын шектеуге де ықпал етеді.
Уақытылы вакцинация – денсаулықтықорғаудың маңызды қадамы.
Уақытылы екпе – денсаулық кепілі
Профилактикалық вакцинация – балалар мен ересектерді бірқатар жұқпалы ауруларданқорғаудың маңызды тәсілі. Екпелер аурудың алдыналуға, оның ауыр ағымы мен асқынуларыныңқаупін төмендетуге бағытталған.
Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесінесәйкес қызылша, қызамық, паротит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, гемофильді жәнепневмококк инфекцияларына қарсы вакцинация жүргізіледі.
Аталған инфекциялардың әрқайсысының өзіндікерекшелігі бар. Мысалы, қызылша ауа арқылытаралып, тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін. Көкжөтел ұзаққа созылатын ұстамалы жөтелменсипатталады және әсіресе ерте жастағы балаларүшін қауіпті. Дифтерия, гемофильді жәнепневмококк инфекциялары да ауыр асқынуларғаәкелуі ықтимал.
Полиомиелит жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін, ал сіреспе ағзаға терінің жарақаттанған жерлеріарқылы түскен қоздырғыштан туындайды. Осы инфекциялардың алдын алуда профилактикалықекпелердің рөлі ерекше.
Қазақстанда вакцинация Ұлттық профилактикалықекпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Егуалдында адамның денсаулық жағдайы бағаланып, медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріледі. Вакцинация белгіленген талаптар мен тәртіпке сайжүзеге асырылады.
Балаларға екпелерді уақытылы алу мәселесіндеата-аналарға медициналық ұйым мамандарынанкеңес алып, баланың егу мәртебесін тексеріп отыруұсынылады. Ал вакцинацияға қатысты сұрақтартуындаған жағдайда дәрігерден сенімді ақпараталған жөн.
Профилактикалық екпелерді уақытылы алу – жұқпалы аурулардың алдын алуға және халықтыңденсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара.
Аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудыңнегізі.
Толығырақ: https://youtube.com/live/Pv54L1svdxU
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары