«Shymkent Park League» атты жаңа спорт жобасының аясында қаланың 11 саябағы спорттық челлендждер арқылы өзара бақ сынайды. Тұрғындар таңғы жаттығуларға қатысып, түрлі жаттығулар орындап, нәтижелерін қазақстандық AI SPORT қосымшасы арқылы тіркей алады.
Сонымен қатар, жаттығуларды саябаққа бармай-ақ, кез келген жерде орындап, онлайн форматта қатысуға болады. Жобаға қатысу – тегін.
Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, жарыс 7-27 қараша аралығында 21 күн бойы өтеді. Оған 16 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.
Қатысушыларды тіркеу 23 қазанда AI SPORT қосымшасында басталады. Ол үшін AI SPORT қосымшасына тіркеліп, қалалық саябақтардың бірін таңдап, тапсырмаларды орындауды бастау қажет. Қатысушылар өздері таңдаған саябақтың тапсырмаларын нұсқаушылармен бірге өтетін таңғы жаттығуларға қатысу арқылы да, өз бетінше жаттығу арқылы да қолдай алады.
➖
Жителей Шымкента приглашают бесплатно участвовать в спортивной лиге
В Шымкенте запустят новый спортивный проект «Shymkent Park League», в рамках которого 11 городских парков будут соревноваться между собой в спортивных челленджах. Жители смогут участвовать в утренних тренировках, выполнять различные упражнения и фиксировать свои результаты через приложение AI SPORT.
При этом посещать парк для участия необязательно. Выполнять задания можно самостоятельно в любом удобном месте и присоединяться к проекту в онлайн-формате. Участие бесплатное.
Соревнования продлятся 21 день — с 7 по 27 ноября. Присоединиться к спортивной лиге смогут жители старше 16 лет.
Регистрация участников стартует 23 октября в приложении AI SPORT. Для этого необходимо зарегистрироваться, выбрать один из 11 городских парков и начать выполнять предложенные задания. Поддерживать выбранный парк можно двумя способами — посещая утренние тренировки с инструкторами или занимаясь самостоятельно и фиксируя результаты в приложении.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары