Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы»Жарлығына сәйкес, биылғы 29 қарашаға мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы белгіленді. Осыған орай, Түркістан облысында электоралдық процесті заң талаптарына сай, ашық әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындардың сайлау туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыру және ақпараттандыруды қамтамасыз ету бағытында облысқа қарасты аудан-қалаларда түсіндіру шаралары жүруде. Бүгінгі күнге дейін өңірде алдағы маңызды науқан туралы 250-ге жуық ақпараттық баннер әзірленді. Бұл шаралар сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табады.

Азаматтардың сайлау құқықтарын толыққанды іске асыру және үміткерлерге бірдей жағдай жасау үшін облыста қажетті инфрақұрылым дайындалды, өңірде жалпы

1 700-ге жуық жарнамалық конструкция бар. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арнайы 673 орын белгіленді. Сайлаушылармен бетпе-бет кездесулер өткізуге 252 арнайы орын қарастырылды.

Сайлауға қатысты барлық мәліметтер, сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы Түркістан облысы бойынша аудан-қала әкімдіктерінің ресми сайтында “Сайлау 2026” бөлімшесінен таба аласыздар.

x

Check Also

Түркістан: Әлеуметтік төлемдер нақты мұқтаж отбасыларға бағытталмақ

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесін жетілдіруге бағытталған реформа қолға алынды. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды отбасының нақты әл-ауқаты ...

В Туркестанской области запущен завод по переработке костей скота стоимостью 9 млрд тенге

В населенном пункте Темирлан Ордабасинского района Туркестанской области запущен завод по производству жира и желатиновых компонентов из костей скота. На ...