«TalpynUp 7.0» — өз бизнесін дамытқысы келетін әйелдерге арналған жаңа бағдарлама! — Xnews — ақпарат агенттігі

«TalpynUp 7.0» — өз бизнесін дамытқысы келетін әйелдерге арналған жаңа бағдарлама!

10 қарашада әйел-кәсіпкерлерге арналған «TalpynUp» халықаралық менторлық бағдарламасының жетінші легі басталады.

Бағдарламаға қатысу сізге не береді? Бұл тек білім ғана емес, оқу барысында-ақ өз бизнесіңізде қолдануға болатын нақты құралдар. Қаржы, маркетинг пен сатылымнан бастап, бизнес-модель құруға және жасанды интеллектіні пайдалануға дейінгі бағыттарды меңгересіз.

Сонымен қатар, басқа кәсіпкер әйелдермен тәжірибе алмасып, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, сарапшылардың қолдауына ие боласыз. Ең бастысы — сізді түсінетін, мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді бөлісетін және сізбен бірге дамуға дайын әйелдер қауымдастығының бір бөлігі боласыз.

Бағдарламаны Қазақстанның Бизнес-тренерлер қауымдастығы Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығымен (NURCE) серіктестікте жүзеге асырады. Бұл — онлайн форматта өтетін, 6 айға созылатын жаңартылған білім беру және зерттеу бағдарламасы.

Төмендегі төрт санаттағы әйелдер үшін бағдарламаға қатысу тегін:
• көпбалалы аналар;
• балаларын өз бетінше тәрбиелеп отырған аналар;
• даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар;
• қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер.

Егер сіз өз ісіңізді дамытып, жаңа шешімдер тауып, бизнесіңіздің өсуіне жол ашатын мүмкіндіктерді көргіңіз келсе, TalpynUp 7.0 бағдарламасына назар аударыңыз!

Ал егер бұл бағдарлама сіз білетін бір әйелге пайдалы болуы мүмкін деп ойласаңыз, осы жазбаны онымен бөлісіңіз!

Толық ақпарат және тіркелу: https://wa.me/77088485511

➖

«TalpynUp 7.0» — новый поток для женщин, которые хотят развивать свой бизнес!

10 ноября стартует седьмой поток международной менторской программы для женщин-предпринимательниц «TalpynUp».

Что даст участие в программе? Не только знания, но и инструменты, которые можно применять в своём бизнесе уже во время обучения: от финансов, маркетинга и продаж до бизнес-моделирования и использования ИИ. А ещё — обмен опытом с другими предпринимательницами, новые деловые знакомства, поддержка экспертов и сообщество женщин, которые понимают ваши задачи и готовы расти вместе.

Программу реализует Ассоциация бизнес-тренеров Казахстана в партнёрстве с Исследовательским центром предпринимательства Назарбаев Университета (NURCE). Это обновлённая образовательно-исследовательская программа продолжительностью 6 месяцев в онлайн-формате.

Для четырёх категорий женщин участие бесплатное:
• многодетных мам;
• мам, самостоятельно воспитывающих детей;
• мам, воспитывающих детей с особенностями развития;
• женщин в трудной жизненной ситуации.

Если вы хотите развивать своё дело, находить новые решения и видеть больше возможностей для роста — присмотритесь к TalpynUp 7.0.

А если знаете женщину, которой это может быть полезно, поделитесь с ней этим постом!

Подробности и регистрация: https://wa.me/77088485511

x

Check Also

В честь Дня республики — праздничные скидки

В преддверии празднования Дня Республики в городе Шымкент проходят республиканские акции «Republic Day» и «Bereke Fest», которые стартовали 17 октября ...

Республика күніне орай мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда

Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. 2026 жылғы 17 қазанда басталған науқандар ...