Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе тұрғын алабында кішкентай тұрғындардың ұзақ күткен қуанышы орындалды. Аудан аумағында заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ал элементтерді жергілікті «Fen Holding» серіктестігі шығарады.
Отандық өндірісті өркендетіп, қала көркіне үлес қосып келе жатқан «Fen Holding» серіктестігінің нарықта жүргеніне 3 жыл болған. Осы уақыт ішінде кәсіпорын шаһардағы 30-ға жуық балалар ойын алаңшасын қажетті элементтермен толық қамтамасыз еткен. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін ұжымның жұмысына бүгінде сұраныс жоғары.
Елхан Әліш, «Fen Holding» ЖШС директоры:
Ең бірінші атап өтетін ол балалардың қауіпсіздігі. Сол мақсатта біз арнайы эксперттерді жалдап, лабораториядан өткізіп, еуразиялық экономикалық одақтың балалардың қауіпсіздігі бойынша белгіленген регламенті сәйкестік бойынша серитификаттарын толық алғанбыз. Сол мақсатта Қаратау ауданындағы мәртөбе елдімекенінде толықциклды өндіріс шығады. Балалар ойын алаңшасыны. Келіп түскн сұраныстан бастап объектінің басына орнатуға дейін толық орындап береміз.
Мәртөбе елді мекенінде жаңа әрі заманауи ойын алаңшасы пайда болды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Fen Holding» мекемесінің қолдауымен жүзеге асты. Жаңа алаңша заманауи талаптарға сай сапалы әрі қауіпсіз төсеніштермен төселген. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын элементтері орнатылған. Бұдан бөлек, дене шынықтырумен айналысамын деушілерге арнайы спорттық бұрыштар да қарастырылған.
Елхан Әліш, «Fen Holding» ЖШС директоры:
Бүгінгі таңда біздің мекеме 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Қызметкердің жататын орнымен душпен барлық гигиеналық заттармен тоылқ қамтамасыз етілген. Барлық ойын элементтері экологиялық таза, балаларға қауіпсіз заттардан құралады. Ол деген ағаш, одан бөлек оны өңдеу процесі, арнайы лактармен балаларға зиян келмейтін құралдармен өңделеді. Жалпы соңғы жылдары президентіміздің бастамасымен халық қатысатын жоба іске асырылуда. Ол деген халық өзі ұсынады. Ұсынып жоба іске асырылады. Біз халыққа осындай алаңшаларды табыстап тұрғындармен бірлесе олардың ұсыныс пікірлерін ескере отырып тұрғындарға табыстаймыз.
Айта кетейік, серіктестіктің өнімдеріне Шымкенттен өзге Түркістан облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен сұраныс артқан. Мекеме балалар ойын алаңдарынан бөлек, спорттық тауарлар да шығарады. Сондай-ақ шағын сәулет нысандары мен металл және мәрмәр бұйымдарды өндірумен де айналысады.
➖
Элементы детской площадки — продукция отечественного производства
В жилом массиве Мартобе Каратауского района сбылась давняя мечта маленьких жителей. Здесь открыли новую детскую игровую площадку, оборудованную в соответствии с современными требованиями. Примечательно, что все игровые элементы производит местная компания «Fen Holding».
Компания «Fen Holding», которая развивает отечественное производство и вносит вклад в благоустройство города, работает на рынке уже три года. За это время предприятие обеспечило необходимыми элементами около 30 детских игровых площадок Шымкента. Сегодня продукция компании пользуется спросом, а приоритетными направлениями её деятельности остаются качество и безопасность.
Елхан Алиш, директор ТОО «Fen Holding»:
— Прежде всего для нас важна безопасность детей. Поэтому мы привлекли профильных экспертов, провели лабораторные испытания и получили сертификаты соответствия требованиям Евразийского экономического союза в области безопасности детской продукции. В жилом массиве Мартобе Каратауского района организовано полноценное производство. Мы сопровождаем весь процесс — от поступления заявки до изготовления и установки оборудования непосредственно на объекте.
Новая современная игровая площадка появилась в Мартобе в рамках программы «Бюджет народного участия» при поддержке компании «Fen Holding». Территорию оборудовали качественным и безопасным покрытием, соответствующим современным требованиям. Здесь установлены игровые конструкции для детей разных возрастов. Кроме того, предусмотрены специальные спортивные зоны для тех, кто хочет заниматься физической активностью.
Елхан Алиш, директор ТОО «Fen Holding»:
— Сегодня на нашем предприятии работают около 30 человек. Для сотрудников созданы необходимые бытовые условия, включая места для проживания, душевые и всё необходимое для соблюдения гигиены. Игровые конструкции изготавливаются из экологически чистых и безопасных для детей материалов. В частности, мы используем дерево, которое обрабатывается специальными лаками и средствами, не представляющими опасности для здоровья детей. В последние годы по инициативе Главы государства реализуется программа «Бюджет народного участия», в рамках которой жители сами предлагают проекты для благоустройства. Мы устанавливаем такие площадки, учитывая пожелания и предложения населения, и передаём их в пользование жителям.
Отметим, что продукция предприятия востребована не только в Шымкенте, но и в Туркестанской области, а также в других регионах страны. Помимо детских игровых площадок, компания производит спортивное оборудование, малые архитектурные формы, а также изделия из металла и мрамора.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары