Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы 30 отбасы кейіннен сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлерге ие болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтер иелеріне кілттерді салтанатты түрде табыстады.⠀⠀
Жаңа пәтерлер «Бозарық» және «Асар-2» шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерден берілді. Заманауи талаптарға сай салынған баспаналар қажетті инженерлік желілерге қосылған әрі тұрғындардың қоныстануына дайын.⠀⠀
Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаевтың айтуынша, пәтерлер «Отбасы банк» арқылы кезекке қойылған күніне сәйкес бөлінеді. Тұрғын үйлер толық әрленіп, пайдалануға дайын күйде тапсырылады.⠀⠀
Жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.⠀⠀
«Жыл басынан бері Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3 276 пәтер берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 000–4 000 пәтер беру жоспарланып отыр», – деді Көпжан Төлебаев.⠀⠀
Осылайша, тағы 30 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Жаңа қоныс иелері көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді. Қалада тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
➖
В Шымкенте еще 30 семей получили ключи от нового жилья
В Шымкенте продолжается реализация государственных жилищных программ. Еще 30 семей-очередников стали обладателями нового арендного жилья с правом последующего выкупа. Ключи от квартир горожанам лично вручил аким мегаполиса Габит Сыздыкбеков.
Новоселы получили квартиры в современных многоэтажных домах, расположенных в микрорайонах «Бозарык» и «Асар-2». Все жилые объекты построены в соответствии с актуальными градостроительными стандартами и полностью подключены к необходимым инженерным коммуникациям.
«Квартиры распределяются через Отбасы банк строго в порядке очереди — в зависимости от даты постановки на учет. Все объекты сдаются в чистовой отделке и полностью готовы к заселению», — сообщил исполняющий обязанности руководителя Управления жилья города Шымкента Копжан ТУЛЕБАЕВ.
Среди обладателей новых квартир — граждане с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, многодетные и неполные семьи, ветераны, приравненные к участникам Великой Отечественной войны, а также дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей.
«С начала года по Шымкенту очередникам уже было выделено 3 276 квартир. До конца года в наших планах предоставить гражданам еще порядка 3 000–4 000 квартир», — отметил Копжан Тулебаев.
Для 30 семей вручение ключей стало долгожданным событием. Новоселы поблагодарили городские власти за поддержку в решении жилищного вопроса. В акимате подчёркивают, что работа по обеспечению горожан доступным жильём продолжается в плановом режиме.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары