300-ден астам бала жүзуден бақ сынады — Xnews — ақпарат агенттігі

300-ден астам бала жүзуден бақ сынады

Шымкентте жүзуден жарыс өтті. Оған Шымкент қаласынан, Кентаудан, Бәйдібек және Сайрам аудандарынан келген жас спортшылар қатысты. Жас жүзгіштер өзара бақ сынап, шеберліктерін шыңдап, үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Сайысқа қатысушылар үш жас санатына бөлінді: 10 жасқа дейінгі балалар, 11–12 жастағы және 13 жастан асқан спортшылар.

Дмитрий Капитаненко, жүзуші: «Мен жүзумен айналысамын. Болашақта чемпион болғым келеді. Жүзу маған қатты ұнайды, бұл спортқа қызығушылығым ерекше. Жаттығуға барған сайын жаңа нәрсе үйреніп, нәтижемді жақсартуға тырысамын. Алдағы уақытта талай жарысқа қатысып, биік белестерді бағындырғым келеді».

Жарыс бағдарламасына еркін әдіспен 50 және 200 метрге, баттерфляй әдісімен 100 метрге, брасс әдісімен 50 метрге, шалқалап 100 метрге және кешенді жүзуден 100 метрге жарысу кірді. Қатысушылар суда жылдамдық пен төзімділікті қатар сынап, жаттығу барысында жинаған тәжірибелерін көрсетті.

Евгений Яворский, Шымкент қаласы жүзу федерациясының президенті: «Жарысқа 300-ден астам бала қатысып жатыр. Жүзуді кеңінен насихаттау өте маңызды. Жыл сайын суға батып, ересектер де, балалар да қаза табатынын көріп отырмыз. Мен осы мәселемен айналысамын және алдыма екі мақсат қойдым. Біріншісі – жүзуді барынша кеңінен насихаттап, балалар мен ересектерді осы спортқа тарту. Ең болмаса, әр адам жүзуді үйренсе деймін. Екінші мақсатым – олимпиадалық деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу. Біздің арамызда халықаралық аренада бәсекеге түсіп, Олимпиада алтыны үшін күресе алатын дарынды жастар көп деп ойлаймын».

Мұндай жарыстар балалар мен жасөспірімдердің жүзуге қызығушылығын арттырып, спорттық шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар суда қауіпсіз жүріп-тұруды үйреніп, салауатты өмір салтын ұстануға да ықпал етеді.

➖

Соревнования по плаванию собрали более 300 участников в Шымкенте

В Шымкенте прошли соревнования по плаванию, в которых приняли участие более 300 юных спортсменов из Шымкента, Кентау, Байдибекского и Сайрамского районов.

Участники выступали в трёх возрастных категориях: 10 лет и младше, 11–12 лет, а также 13 лет и старше.

В программу соревнований вошли заплывы на 50 и 200 метров вольным стилем, 100 метров баттерфляем, 50 метров брассом, 100 метров на спине и 100 метров комплексным плаванием.

Одним из участников стал Максим Капитоненко. Юный спортсмен рассказал, что планирует продолжать заниматься плаванием и мечтает стать чемпионом.

Президент Федерации плавания Шымкента Евгений Яворский отметил, что одна из задач соревнований — привлечь больше детей к этому виду спорта и научить их уверенно держаться на воде.

Ещё одна цель — подготовка перспективных спортсменов к крупным соревнованиям.

Турнир также направлен на повышение спортивного мастерства детей и подростков и популяризацию здорового образа жизни.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...