Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыс әлем чемпионы әрі рекордшысы Вадим Шикаревтің жадын жаңғыртуға арналған. Байрақты бәсекеге Қазақстанның жеті өңірінен, Қырғызстан мен Грузиядан 120-ға жуық спортшы келген. Сайыста жас садақшылар да, тәжірибелі мергендер де өзара мықтыны анықтайды.
Александр Тюльпин, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
«Бұл турнир жерлесіміз Вадим Шикаревтің құрметіне арналған. Ол кезінде әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқан. Оның есімі біз үшін де, көпшілік үшін де үлкен мәнге ие. Жас спортшыларға үлгі, жігер беретін тұлға. Қазақстанның садақ ату спортында Вадим Шикаревтің орны ерекше».
Вадим Шикарев — қазақстандық садақ атудың тарихында өзіндік орны бар спортшы. Ол халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанып, бірнеше рекорд жаңартқан. Оның жетістіктері садақ ату спортының елдегі дамуына да серпін берді.
Мұрат Бұзалов, №14 БЖСМ директоры:
«Шымкентте алғаш рет әлем чемпионы, рекордшысы Вадим Шикаревтің құрметіне халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр. Вадим Шикаревті тәуелсіз Қазақстанның садақ ату спортындағы заңғар тұлғалардың бірі деуге болады. Бұл турнирді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі өскелең ұрпақ әлем чемпиондары мен рекордшыларымызды біліп, соларға қарап бой түзеуі керек. Жарыстың мақсаты — қалада садақ атуды насихаттау. Қазір бұл спорт түріне жақсы көңіл бөлініп келеді. Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр».
Бұл жарыс — жас спортшылар үшін алдағы ірі додаларға дайындықтың бір кезеңі. Құрама желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатына қатысады. Оған дейін Катарда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ. Кейін спортшылар Шарджа қаласындағы жарысқа аттанады.
➖
В Шымкенте проходит турнир по стрельбе из лука памяти Вадима Шикарева
В Шымкенте проходит международный турнир по стрельбе из лука, посвящённый памяти чемпиона и рекордсмена мира Вадима Шикарева.
В соревнованиях принимают участие около 120 спортсменов из семи регионов Казахстана, а также представители Грузии. На одной площадке выступают как опытные лучники, так и молодые спортсмены.
Мастер спорта международного класса Александр Тюльпин отметил, что Вадим Шикарев остаётся знаковой фигурой для казахстанской стрельбы из лука и примером для молодого поколения.
Организаторы рассчитывают сделать турнир традиционным и проводить его ежегодно. Соревнования также направлены на популяризацию стрельбы из лука и поддержку молодых спортсменов.
Следующим крупным стартом для части участников станет чемпионат Азии, который пройдёт в декабре в Объединённых Арабских Эмиратах. Перед соревнованиями команда планирует провести тренировочный сбор в Катаре.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары