«Сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің «Фосфорник» мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік «қалдықтары» сатылымға қойылды деп хабарлайды Xnews.kz

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған, олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

Сонымен бірге саудаға шығарылған нысандардың ілеспе құжаттарында «Фосфорник» мәдениет сарайы 1 миллиард 66 миллион теңгеге бағаланғаны көрсетілген, бірақ оның жағдайы «қанағаттанарлықсыз». Сатуға ұсынылған өндірістік (тұрғын емес) ғимарат пен екі тұрғын үйдің біреуінің жағдайы жақсы (ғимарат 63 миллион 299 мың теңгеге, бассейні бар екі деңгейлі тұрғын үй 62 миллион 315 мың теңгеге бағаланды). Төртінші нысан – аумағы 59,9 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға жарамсыз, дегенмен ол 12 миллион 930 мың теңгеге бағаланды.

Естеріңізге салайық, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты ел арасында «Сыра королі» деген атқа ие Тоқтар Төлешовті «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қинады, адам өлтірді» деген айыппен 21 жылға соттаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...