Қазақстан құрамасы оқ атудан қола медаль жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан құрамасы оқ атудан қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Айти–Нагояда өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Оқ атудан әйелдер арасындағы командалық сында спортшыларымыз қола медаль иеленді. «50 метр қашықтыққа винтовкамен ату, үш қалып» жаттығуында үшінші орынға Шымкент қаласының өкілдері София Шульженко мен Елизавета Безрукова және Алматыдан Алина Малиновская көтерілді.

София Шульженко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
«Қазақстан қоржынына медаль салғанымызға өте қуаныштымыз. Азия ойындарында еліміздің намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе. Ал командалық жүлденің орны ерекше. Себебі бұл жеңісте әрқайсымыздың еңбегіміз бар».

Қола жүлде үшін қазақстандық спортшыларға әрбір дәлдік пен әрбір сәт маңызды болды. Себебі оқ атуда нысанаға дөп тигізу ғана емес, жоғары зейін мен сабыр, мықты төзім де сыналады. Командалық есепте спортшыларымыз шеберліктерін көрсетіп, жарысты үшінші орынмен түйіндеді.

Елизавета Безрукова, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
«Бұл қола медальдың артында үлкен командалық еңбек жатыр. Бізге қолдау көрсеткен жаттықтырушыларымызға, жақындарымызға және жанкүйер болған баршаға алғыс айтамын. Алда жарыстары бар барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Қазақстан, қолдауың үшін рақмет!».

Айта кетейік, бұған дейін оқ атудан 50 метр қашықтықтағы «үш қалып» жаттығуында жекелей сында Ислам Сатпаев қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, әйелдер құрамасының жүлдесі Қазақстан қоржынына оқ атудан Азия ойындарындағы екінші медаль болып қосылды.

➖

Братья Почиваловы из Шымкента завоевали бронзу Азиатских игр

На XX летних Азиатских играх, которые проходят в японской префектуре Айти, сборная Казахстана завоевала бронзовую медаль в стендовой стрельбе.

В командных соревнованиях среди мужчин в дисциплине трап Казахстан представили Даниил Почивалов, Марк Почивалов и Алишер Айсалбаев.

Братья Даниил и Марк Почиваловы — спортсмены из Шымкента. Вместе с Алишером Айсалбаевым они набрали 348 очков и заняли третье место.

Победителем стала сборная Кувейта, набравшая 355 очков. Второе место заняла команда Катара с результатом 349 очков. Казахстан отстал от серебряной позиции всего на одно очко.

Таким образом, представители Шымкента пополнили медальную копилку сборной Казахстана ещё одной наградой Азиатских игр.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...