Шымкенттік кикбоксшылар әлемдік додадан жеңіспен оралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік кикбоксшылар әлемдік додадан жеңіспен оралды

Шымкент теміржол вокзалында кикбоксингтен әлем чемпионатынан оралған спортшыларды туған-туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды. Гүл шоқтары табысталып, әуен ойнатылды. Италияның Джезоло қаласында өткен дүбірлі додада Шымкент спортшылары бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Мөлдір Молдабекқызы, чемпионның анасы:
«Тренеріне үлкен рақмет. Сол кісінің еңбегі. Сол кісіге папамыз бір ауыз сөз айтқан еді, біздің қызымызды қабылдайсыздар ма деп. Жерге тастамай, біздің қызымызды қабылдап осындай үлкен жетістікке жеткізіп отыр. Ержан ағайымызға мың алғыс».

Жақындары әсіресе 17 жастағы әлем чемпионы Сания Назаркасимовты асыға күтті. Жас спортшы үшін бұл жеңістің артында талай айлық дайындық пен тынымсыз еңбек тұр.

Сания Назарқасымова, әлем чемпионы:
«Өте қиын болды. Әлем чемпионатында ең мықты спортшылар бақ сынайды. Алғашқы жекпе-жекте Польшадан келген спортшымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңдім. Жартылай финалда жолдама алдым».

Санияны қарсы алғандардың арасында әжесі де болды. Немересінің әр кездесуін алаңдай отырып тамашалаған ол жарыс бойы жеңіске жететініне сенген.

Чемпионның әжесі:
«Айтқанды істейді. Істерінің бәрі тиянақты. Өмірі спорттан қалмайды еш уақытта. Қар жауып тұрса да барады ғой».

Саниямен бірге әлем чемпионатынан Шымкенттің тағы төрт спортшысы жүлдемен оралды. Нұрмахан Ердәулет күміс медаль иеленсе, Эшмуратов Шахжахон, Халитов Давлат және Тұрар Ердәулет қола жүлдеге қол жеткізді.

Бауыржан Артықбаев, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы:
«17-27 қыркүйек аралығында Италияның Джезоло қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Шымкент құрамасы бір алтын, бір күміс және үш қола медальды салдық».

Вокзалда шырқалған әуен спортшылардың жеңісіне арналды. Ал қарсы алған жандар үшін бұл — маңдай термен келген медальдің қуанышын бірге бөлісетін ерекше сәт. Өйткені әр жеңістің артында күн сайынғы жаттығумен қатар, спортшыға сеніп, әр қадамына қолдау көрсететін жақындарының еңбегі де бар.

➖

Кикбоксеры из Шымкента завоевали пять медалей чемпионата мира

Спортсмены из Шымкента вернулись с молодёжного чемпионата мира по кикбоксингу в Италии с пятью медалями — одной золотой, одной серебряной и тремя бронзовыми.

На железнодорожном вокзале Шымкента встретили спортсменов, вернувшихся с чемпионата мира по кикбоксингу среди молодёжи. Соревнования проходили с 17 по 27 сентября в итальянском городе Джезоло.

Шымкентские спортсмены завоевали на мировом первенстве пять наград — золото, серебро и три бронзовые медали.

Главной победительницей команды стала 17-летняя Сания Назаркасимова. На пути к золотой медали она победила соперниц из Польши, Хорватии и Болгарии.

«Было очень сложно, потому что на чемпионате мира выступают сильнейшие спортсмены. В финале я встретилась с представительницей Болгарии и смогла победить. В этот спорт меня привёл папа, и я ему очень благодарна», — рассказала Сания Назаркасимова.

На вокзале чемпионку встречали родные и близкие. По словам семьи спортсменки, за её выступлениями следили с большим волнением и верили в успешный результат.

Ещё одну награду для Шымкента завоевал Нурмахан Ердаулет — он стал серебряным призёром мирового первенства. Бронзовые медали получили Шахжахон Эшмуратов, Давлат Халитов и Ердаулет Турар. По словам старшего тренера молодёжной сборной Бауржана Артыкбаева, команда долго готовилась к чемпионату, а спортсмены получили важный международный опыт.

«Ребята показали характер и выдержку, достойно выступили. Конечно, всегда хочется большего, но главное — они доказали, что могут бороться на мировом уровне», — отметил тренер.

Встреча спортсменов завершилась поздравлениями, фотографиями с родными и вручением цветов.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...