Мопед жүргізушілеріне талап күшейді: Жол ережесін елемегендер жауапқа тартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Мопед жүргізушілеріне талап күшейді: Жол ережесін елемегендер жауапқа тартылды

Түркістан облысында жолдағы тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік іс-шара өткізілді.

Кентау қаласының полицейлері рейд барысында жол қозғалысы талаптарын елемеген бірқатар мопед жүргізушісін анықтады.

Атап айтқанда, 39 жастағы Алмас Сұлтанбаев мопедпен жаяу жүргіншілерге арналған жолмен қозғалған. Ал 22 жастағы Шыңғысхан Ерғабыл мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мопедті басқарған.

Бұдан бөлек, көлік құралдарын пайдалану, тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған жүргізушілер де полиция назарынан тыс қалмады. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, мопедтер арнайы тұраққа қойылды.

Жол қозғалысы ережелерін елемеу өз өміріне ғана емес, жаяу жүргіншілер мен өзге де қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз. Мопед жүргізушілері де заң талаптарын сақтауға міндетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

#Заңментәртіп
#законипорядок

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...