Шымкенттік Зоя Пискун – Азия ойындарының күміс жүлдегері — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік Зоя Пискун – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Шымкент қаласының спортшысы Зоя Пискун стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Зоя Пискун «скит» жаттығуындағы командалық бәсекеде ел намысын қорғады. Ол Алматы облысының спортшысы Әсем Орынбай және Астана қаласының өкілі Адель Садақбаевамен бірге өнер көрсетіп, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 274 ұпай жинады.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы 274 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бірінші орынды 287 ұпай жинаған Қытай құрамасы иеленсе, Үндістан командасы 266 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, биылғы Азия ойындарында стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен 35 елдің 461 спортшысы бақ сынауда. Қазақстан құрамасының сапында аталған спорт түрлері бойынша Шымкент қаласының 14 спортшысы ел намысын қорғап жатыр.

Зоя Пискунның Азия ойындарындағы күміс жүлдесі Шымкент спортының халықаралық аренадағы жетістіктерін толықтыра түсті.

➖

Шымкентская Зоя Пискун — серебряный призёр Азиатских игр

Спортсменка из города Шымкента Зоя Пискун в составе женской сборной Казахстана по стендовой стрельбе завоевала серебряную медаль XX летних Азиатских игр.

В командных соревнованиях в упражнении «Скит» Зоя Пискун (город Шымкент) вместе с Әсем Орынбай (Алматинская область) и Адель Садакбаевой (город Астана) представляла сборную Казахстана. По итогам квалификационного этапа команда набрала 274 очка, заняв второе место и завоевав серебряные медали Азиатских игр.

Первое место заняла сборная Китая, набравшая 287 очков. Третьей стала сборная Индии с результатом 266 очков.

Отметим, что в соревнованиях по стендовой и пулевой стрельбе на Азиатских играх принимают участие 461 спортсмен из 35 стран. В составе сборной Казахстана в этих видах спорта честь страны защищают 14 спортсменов из города Шымкента.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...