Жолдағы бақылау: Қос сызықты кесіп өткен жүргізушілер анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолдағы бақылау: Қос сызықты кесіп өткен жүргізушілер анықталды

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Кезекті бақылау кезінде Сарыағаш қаласы аумағындағы бейнебақылау камераларының көмегімен Шымкент–Жетісай автожолында жолдың қосарланған тұтас сызығын кесіп өткен екі жүргізуші анықталды.

Аталған учаскеде шамамен 50 метр қашықтықтан кейін бұрылыс болған. Алайда көлік қозғалысының қарқынды болуына байланысты жүргізушілер жолдың қосарланған тұтас сызығын басып өтіп, бұрылыс жасаған.

Аталған құқық бұзушылықтарға қатысты патрульдік полиция қызметкерлері тиісті шара қабылдап, жол қозғалысы талаптарын бұзған жүргізушілерді тоқтатты. Олардың бірі «KIA» маркалы автокөлікті, екіншісі «Газ-53» жүк көлігін тізгіндеген.

Тексеру нәтижесінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталып, оларға қатысты заңды шара көрілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...