Қоныс қуанышына кенелген 40 отбасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоныс қуанышына кенелген 40 отбасы

Шымкентте 40 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспана иелері Бозарық шағын ауданындағы жаңа үйлерге орналасады. Бұл пәтерлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалдамалы тұрғын үй ретінде берілді.

Қоныс иелерін қуанышымен құттықтаған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келе жатқанын атап өтті.

Жалдамалы пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қоры есебінен ұсынылды. Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Жыл соңына дейін бірнеше тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы жылы жоспар бойынша үш мыңға жуық жалдамалы баспана белгіленген талаптарға сәйкес тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға беріледі. Үміткерлер қолданыстағы тәртіпке сай іріктеледі.

➖

40 семей Шымкента получили ключи от квартир

В Шымкенте состоялась торжественная церемония вручения ключей от новых квартир 40 семьям. Новоселы обживают дома в микрорайоне «Бозарык». Жилье предоставлено гражданам из социально уязвимых категорий на условиях аренды из коммунального жилищного фонда.

Поздравляя горожан с этим знаменательным событием, аким города Габит Сыздыкбеков отметил, что вопрос обеспечения жителей доступным и качественным жильем в мегаполисе решается поэтапно.

Среди обладателей заветных квадратных метров — граждане с инвалидностью, неполные семьи, родители, воспитывающие детей с особыми потребностями, а также дети, оставшиеся без попечения родителей.

До конца года в городе планируется ввести в эксплуатацию еще несколько жилых комплексов. Согласно утвержденному плану, в этом году порядка трех тысяч арендных квартир будет передано очередникам, соответствующим установленным критериям. Отбор кандидатов продолжается в строгом соответствии с действующим порядком.

Shymkala.kz

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...