Экспозицияда суретшінің музей қорынанжәне отбасы архивінен алынған 80-нен астамтуындысы ұсынылады.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнерқайраткері, қазақстандық гобелен өнері ұлттықмектебінің негізін қалаушы БатимаЗаурбекованың туғанына 80 жыл толуынаорай «Мұра жіптері» атты көрмеұйымдастырылады.
Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында Әбілхан Қастееватындағы Ұлттық өнер музейінде өтеді.
Экспозицияда суретшінің музей қорынанжәне отбасы архивінен алынған 80-нен астамтуындысы ұсынылады. Олардың қатарындагобелендер, кескіндеме және графикалықжұмыстар бар.
Келушілерді не күтеді?
Көрме келушілерді Батима Заурбекованыңжарты ғасырдан астам уақыт бойықалыптастырған шығармашылық мұрасыментаныстырады. Суретші ұлттық дәстүрлердізаманауи көркемдік тілмен ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерінің дамуына зорүлес қосты.
Экспозиция арқылы дәстүрлі кілем тоқуөнері мен қазақтың ұлттық ою-өрнектерініңотандық бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттыңқалыптасуына қалай негіз болғанын көругеболады.
Көрме үш тақырыптық бөлімнен тұрады
Экспозиция үш тақырыптық кеңістіккебөлінген.
Алғашқы залда суретшініңшығармашылығы мен қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері арасындағы байланыскеңінен таныстырылады.
Екінші бөлімде Батима Заурбекованыңшығармашылығының негізгі бағыттары көріністабады. Мұнда туындылар тақырыптық жәнекөркемдік образдарына қарай топтастырылған.
Ал соңғы зал қазақ мәдениетіндегі әйелбейнесіне арналған. Оның бастыкомпозициялық элементі ретінде аспалышаңырақ орнатылып, айналасына ұлттық киімкиген қазақ аруларының портреттеріорналастырылады.
Бұдан бөлек, келушілер суретші туралыдеректі фильмді тамашалап, архивтікфотосуреттермен таныса алады. Сондай-ақарнайы оқу тоқыма станогында гобелен тоқуүдерісін тәжірибе жүзінде байқап көругемүмкіндік беріледі.
Көрменің маңызы
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мұражіптері» көрмесі – Батима Заурбекованыңшығармашылығына арналғанретроспективалық жоба ғана емес. Бұл көрмегобелен өнеріне қазіргі заманғы бейнелеуөнерінің маңызды бағыты ретінде жаңашакөзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Көрме өнер сүйер қауымға, зерттеушілерге, дизайнерлерге, сәулетшілерге, сондай-ақкреативті индустрия өкілдеріне арналған.
“Шымкент келбеті”
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары