Биыл Жастар ресурстық орталығы 15 жылдығын атап өтуде. Осы мерейтойға және Қала күніне орай, орталық футболдан «JASTAR CUP III» республикалық шағын футбол турнирін ұйымдастырды. Ауқымды спорттық дода Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дің спорт алаңында өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда Алматы, Қызылорда, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарынан келген жастар ресурстық орталықтарының 100-ге жуық қызметкері қатысуда.
Турнирдің құрметті қонағы ретінде аралас жекпе-жек шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов, «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары Біржан Тоқтыбай мен Әли Тұрғанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.
Жастар саясаты басқармасының басшы м.у.а Ақбота Оспанның айтуынша, бұл турнир өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік команда» және «Үздік сұрмерген» номинациялары бойынша марапатталатын болады.
➖
Проходит турнир «Jastar Cup III»
В этом году Молодежный ресурсный центр отмечает свое 15-летие. В честь этого юбилея, а также ко Дню города центр организовал III республиканский турнир по мини-футболу «JASTAR CUP». Масштабное спортивное первенство проходит на спортивной площадке ЮКГПУ имени О. Жанибекова. В соревновании принимают участие около 100 сотрудников молодежных ресурсных центров, прибывших из разных регионов страны, в частности из Алматы, Кызылорды, Туркестана, Акмолинской и Жамбылской областей.
Почетными гостями турнира стали мастер смешанных единоборств (ММА), трехкратный чемпион мира по боевому самбо Арман Оспанов, а также игроки футбольного клуба «Ордабасы» Биржан Токтыбай и Али Турганов. Они пожелали спортсменам удачи и выразили надежду, что соревнования пройдут на самом высоком уровне.
По словам временно исполняющей обязанности руководителя управления по делам молодежной политики Акботы Оспан, данный турнир организован с целью укрепления межрегионального сотрудничества и развития массового спорта.
Победители соревнований будут награждены денежными призами, кубками и дипломами. Участники, продемонстрировавшие яркую и красивую игру, будут отмечены в индивидуальных номинациях: «Лучший вратарь», «Лучший игрок», «Лучшая команда» и «Лучший бомбардир».
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары