Шымкенттік дзюдошылар әлемдік додадан олжалы оралды! Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста тарихи жеңіске жетіп, алтын медальді еншіледі. Финалда Бразилия құрамасын 4:3 есебімен ұтқан қазақстандықтар чемпион атанды. Ұлттық құраманың жеңісіне шымкенттік спортшы Тоғжан Төлебай да өз үлесін қосты.
Тоғжан Төлебай, дзюдошы:
«Мен әлем чемпионатында 70 келі және одан жоғары салмақта белдестім. Командалық есепте бірінші орын алдық. Әр қарсыласымның өзіндік мықты тұстары болды. Дегенмен, барлығын жеңіп, өз жекпе-жектерімді сәтті өткіздім. Маған белдесу оңай болды».
Әрбір үлкен жеңістің артында спортшыға алғашқы болып сенім білдірген жан тұрады. Тоғжанның басты қолдаушысы анасы. Ол қызының әрбір жетістігін мақтанышпен бақылап келеді. Ал қазір Тоғжанның татамиге шыққан әр сәтін алаңдап, жанкүйер болып тамашалайды.
Мөлдір Беркінбаева, Тоғжанның анасы:
«Өте жақсы өнер көрсетті. Төрт белдесудің төртеуінде де жеңіске жетті. Қазір өз қызымның ең үлкен жанкүйерімін. Дзюдомен айналысып жүргеніне бес жыл болды. Командаға көмектесіп, чемпион атануға өз үлесін қосқанына өте қуаныштымын. Жастарға да спортпен айналысуға кеңес беремін. Қызым 12 жасынан бастап дзюдомен шұғылданады. Алғашында мен қарсы болдым. Дзюдоны ерлерге арналған спорт түрі деп ойладым. Бірақ оның спортқа деген ынтасын көріп, келісімімді бердім. Қазір еш өкінбеймін. Керісінше, қызымның осы спортты таңдағанына қуанамын».
Шымкенттік дзюдошылардың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Әлемдік додада Адия Жанахмет күміс медаль жеңіп алып, чемпионаттың күміс тұғырына көтерілді. Татамиде бар күшін салған спортшы өзінің қайсарлығы мен табандылығын танытып, шеберлігін паш етті. Осылайша Адия әлемдік аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
Екі спортшы екі медаль. Шымкент үшін қос қуаныш! Тоғжан Төлебай Қазақстан құрамасының тарихи командалық алтын алуына үлес қосты. Ал Адия Жанахмет әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп, күміс медаль еншіледі. Шымкенттік қос спортшы осылайша ел мерейін үстем етті.
➖
Золото и серебро: успех шымкентских дзюдоисток
Шымкентские дзюдоистки покорили мировую арену! На чемпионате мира среди кадетов в Гуаякиле (Эквадор) сборная Казахстана завоевала историческое золото в смешанном командном турнире, победив в финале Бразилию со счётом 4:3.
Свой вклад в триумф внесла шымкентская спортсменка Тогжан Толебай: «Я боролось на чемпионате мира, в весе 70 и выше, и завоевала в командном зачете первое место. Каждый соперник по своему хорош, но я их всех выиграла, и мне было легко бороться».
За каждым большим спортивным успехом стоит человек, который верит в тебя с самого начала. Для Тогжан таким человеком стала её мама — она с особой гордостью наблюдает за выступлениями дочери и признаётся, что теперь переживает за каждый её поединок: «Она выступила очень хорошо — провела четыре схватки и во всех одержала победу. Сейчас я самый большой поклонник своей дочери. Дзюдо она занимается уже пять лет, с 12-летнего возраста. Я очень рада, что она смогла помочь своей команде и внести вклад в победу на чемпионате. Сначала я была против её увлечения дзюдо, потому что считала этот вид спорта больше мужским. Но когда увидела её стремление и желание заниматься, поддержала её. Сейчас нисколько об этом не жалею и очень рада, что она выбрала именно дзюдо».
Ещё одна яркая победа — у Адии Жанахмет! На мировом первенстве спортсменка из Шымкента завоевала серебряную медаль и поднялась на пьедестал чемпионата мира. На татами Адия продемонстрировала характер, стойкость и высокий уровень мастерства, достойно представив Казахстан на мировой арене.
Две спортсменки — две медали — одна большая гордость за Шымкент! Тогжан помогла сборной Казахстана завоевать историческое командное золото, а Адия открыла счёт своим мировым наградам.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары