Шымкентте U-16 жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте U-16 жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Шымкентте облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының құрама командалары арасында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бәсекеге барлығы 10 команда қатысуда. Оның екеуі – Шымкент қаласының намысын қорғайтын командалар. Кеше «Локомотив» стадионында Шымкенттің №17 спорт мектебінен жасақталған «Шымкент-2» командасы Қостанай облысының құрдастарымен кездесті. Ойын оңтүстіктің жас футболшылары үшін оңайға соқпады.

Дарын Ержанұлы, ойыншы:
«Құдай қаласа ұтамыз деген ойдамыз. Тартысты өтіп жатыр ойын. Біздің балалар да әлсіз емес. Иә осы «Ордабасыда» немесе Оңтүстікке кәсіби командаға өткім келеді. Құдай қаласа өтем деген ойдамын».

Алайда бұл жолы үшінші мегаполистің екінші командасы қостанайлық футболшыларға лайықты қарсылық көрсете алмады. Кездесу қонақтардың 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұған дейін «Шымкент-2» Алматы облысының командасымен ойнаған. Тартысты өткен кездесуде шымкенттіктер 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Нұрсайын Жолдасов, «Шымкент-2» құрамасының бас жаттықтырушысы:
«Қазір турнирдің топтық кезеңі өтіп жатыр. Біз бұл жігіттерден үлкен үміт күтеміз. Болашақта жақсы өсіп, кәсіби клубтарда, Қазақстан құрамасында ойнаса екен дейміз. Осы жерде өзін жақсы көрсеткен, қабілетін танытқан ойыншыларды бапкерлер мен скауттар байқап, кәсіби командаларға шақырады. Қазір мамандар келіп, жас футболшылардың ойынына назар аударып жүр».

Екі ойыннан кейін «Шымкент-2» өз тобында екінші орында тұр. Бүгін команда Жамбыл облысының жас футболшыларымен кездеседі. Ал Шымкенттің бірінші командасы әзірге өз тобында үшінші орында келеді. Олар бүгін Астана құрамасымен ойнайды. 25 тамызда жартылай финалдық кездесулер басталады. Шымкенттің қос командасы да үздіктер қатарынан көрінеді деген үміт бар.

➖

Чемпионат Казахстана по футболу в категории U-16 проходит в Шымкенте

Шымкент стал площадкой для первенства Казахстана среди сборных команд областей и городов Астана, Алматы и Шымкента. Всего представлено 10 коллективов, причем хозяева поля выставили сразу две команды.

Накануне, на стадионе «Локомотив», игроки команды «Шымкент-2», представляющей СДЮШОР №17, играли со сверстниками из Костаная. Игра для южан получилось очень непростой.

О продолжении спортивной карьеры уже задумывается и игрок команды Дарын Ержанұлы: «Матч складывается очень напряжённо, но и наша команда настроена бороться до конца. В будущем я хочу продолжить карьеру в профессиональном футболе. Хотел бы попасть либо в «Ордабасы», либо в «Оңтүстік». Надеюсь, мне удастся проявить себя и осуществить эту цель».

К сожалению, в этом матче юноши представляющие вторую команду третьего мегаполиса, не смогли противостоять спортсмсенам из Костаная, матч завершился уверенной победой гостей — 4:0. До этого матча «Шымкент-2» встречался с командой Алматинской области. В сложном и упорном матче, хозяевам удалось вырвать победу со счетом 3:2.

Нурсайын Жолдасов, тренер сборной команды «Шымкент 2», рассчитывает, что для его воспитанников этот турнир станет ступенью в большой футбол: «Сейчас проходит групповой этап. Мы возлагаем большие надежды на наших спортсменов и хотим, чтобы в будущем они продолжили карьеру в профессиональных клубах и смогли попасть в сборную Казахстана. Такие турниры дают им возможность проявить себя. За играми наблюдают тренеры и скауты, поэтому футболисты, которые хорошо себя покажут, могут получить приглашение и сделать следующий шаг в своей карьере».

После двух матчей команда «Шымкент-2» занимает второе место в своей группе. Сегодня они встретятся с командой из Жамбылской области.

25 августа стартуют полуфиналы, надеемся обе команды из нашего города дойдут до них.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...