Шымкентте Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті

Шымкентте көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ойшыл, дипломат әрі Қазақстан шахмат федерациясының тұңғыш президенті Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық шахмат турнирі ұйымдастырылды. Шара еліміздің барлық өңірін бір мезгілде қамтыған жалпыреспубликалық мерейтойлық бастама аясында өтті.

Арман Жәкенов, шахмат ардагері:
«Бүгін біз кезінде бүкіл Тұран әлемін дүр сілкіндірген «АзиЯ» кітабын жазған ұлы жазушымыз Олжас Сүлейменовтің құрметіне ойнау үшін жиналдық. Жалғыз біздің Шымкент қаласынан ғана екі әлем чемпионы шыққан екен. Осы турнирге қатыса жүріп, мұны алғаш рет білдім, ардагер ретінде бұған өте ризамын. Мұндай жарыстардың ұйымдастырылып тұруы — үлкендерді де, балалар мен жастарды да біріктіретін тамаша іс. Осы үрдіс үзілмей, Президентіміздің, әсіресе Шымкент қаласы әкімдігі мен шахмат федерациясының қолдауы жалғасса, біз алдағы уақытта тек бірінші орындардан көрінетін боламыз».

Турнирдің Қазақстан бойынша жалпы жүлде қоры — 2 миллион теңге. Оның ішінде әр аймаққа 100 мың теңгеден бөлінген. Шымкенттегі жарысқа 60-қа жуық шахматшы қатысты. Қазір елімізде бұл зияткерлік ойын кеңінен танылып келеді. Соның нәтижесінде отандастарымыз әлемдік біріншіліктерде де жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Шымкент те шахмат тарихы бай қала санатына жатады.

Сейітжамал Сүпбаев, ҚШФ Шымкент қалалық филиалы атқарушы директорының орынбасары:
«Мұндай шараларды өткізудегі мақсатымыз — шахматты аймақта және бүкіл Қазақстанда дәріптеу. Өйткені соңғы үш-төрт жылда қазақстандық балалар әлемдік шахматта көш бастап келеді. Сондықтан өскелең ұрпақ арасында спортты дамыту үшін Олжас Сүлейменовтің туған күніне орай бүкіл республика бойынша осындай турнир ұйымдастыруды жөн көрдік».

➖

В Шымкенте состоялся шахматный турнир посвященный 90-летию Олжаса Сулейменова

В Шымкенте состоялся республиканский шахматный турнир, приуроченный к 90-летию выдающегося поэта, общественного деятеля, мыслителя, дипломата и первого президента Федерации шахмат Казахстана Олжаса Сулейменова.

Турнир прошёл в рамках общереспубликанской юбилейной инициативы, одновременно охватившей все регионы страны.

Арман Жакенов, ветеран шахмат:
«Сегодня мы собрались играть в честь великого нашего писателя, Олжаса Сулейменова, который написал книгу Азия, которая в свое время потрясла половину туранского мира. У нас 2 чемпиона мира в нашем городе только, в Шымкенте. Я играю в таком турнире, и узнаю что 2 чемпиона мира, для меня как для ветерана это впервые, и очень даже приятно. И что, такие турниры организуются, это просто здорово, объединяет взрослых, детей, девушек, мальчиков. Поэтому если дальше будет такое развитие, и благодаря нашему президенту, а главное акимату города Шымкента, и нашей шахматной федерации, мы дальше пойдем и будем только первые места занимать».

Призовой фонд турнира по всему Казахстану составляет 2 миллиона тенге, каждому региону выделено по 100 тысяч тенге. В соревнованиях приняли участие около 60 шахматистов. В Казахстане, интеллектуальная игра приобретает все большую популярность.

И, как следствие, на мировых первенствах, наши ребята показывают очень неплохие результаты. Шымкент, также считает городом с богатой шахматной историей.

Сейтжамал Супбаев, заместитель исполнительного директора филиала РОО КФШ по г. Шымкенту:
«Смыслом проведения подобных мероприятий является популяризация шахмат в регионе, по всему Казахстану. Т.к у нас, третий или четвертый год казахстанские дети лидируют в мировых шахматах, поэтому в честь дня рождения Олжаса Сулейменова, по всему Казахстану мы решили организовать такой турнир, для развитии спорта среди детей».

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...