Жыл сайын 20 шілдеде әлем жұртшылығы Халықаралық шахмат күнін атап өтеді. Осы атаулы дата қарсаңында Қажымұқан атындағы стадионда жүзге жуық жас өренді басын қосқан ауқымды балалар шахмат турнирі ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыс жас ұрпақтың ойлау қабілетін дамытып, бұл спорт түріне деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Тартысты өткен додада қатысушылар өз шеберліктерін ортаға салып, тақта басында бар мүмкіндіктерін көрсетті.
Аль-Мади Бауыржанұлы, турнир қатысушысы:
«Шахматтан чемпион болғым келеді. Мақсатым — үлкен биіктерді бағындырып, гроссмейстерлермен ойнау. Жарыстарға қатысып, тек бірінші орындарды иеленуді армандаймын».
Турнир соңында сайыстың әрбір қатысушысына арнайы естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды.Бұл доданың басты әрі ерекше тосынсыйы — Алматы қаласынан арнайы алдырылған жасанды интеллект пен жоғары технологиямен жабдықталған шахмат роботы болды. Ерекше қонақ алаңға жиналған балалардың үлкен қызығушылығын оятып, ерекше қуаныш сыйлады. Жас шахматшылар заманауи темір қарсыласпен тікелей бақ сынасып, өз күштерін сынап көруге мүмкіндік алды.
Мұхтар Айнақұл, турнир ұйымдастырушысы:
«Бұл жарыс Халықаралық шахмат күніне арналып отыр. Қажымұқан атындағы стадионда өткізіліп жатқан турнирдің жалпы жүлде қоры — 600 мың теңге (оның ішінде 500 мыңы тікелей бәсекеге тігілді). Бұл — 7 кезеңнен тұратын сериалдың біріншісі. Жаздың соңына дейін әр апта сайын осындай турнир ұйымдастырамыз»
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаз бойы жалғасатын бұл ауқымды жоба жас талапкерлер үшін үлкен тәжірибе алаңына айналмақ. Алдағы кезеңдерде де жас шахматшылар бақ сынап, өз деңгейлерін шыңдауға мүмкіндік алады. Мамандардың пікірінше, мұндай тартысты бәсекелер мен сапалы жарыстар болашақта елімізден әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлердің шығуына септігін тигізеді.
➖
В Шымкенте прошел детский турнир ко Дню шахмат
20 июля во всем мире отмечается Международный день шахмат.
В честь этого праздника 19 июля в Шымкенте состоялся большой детский шахматный турнир, объединивший 100 юных участников.
Аль-Мади Бауыржанулы участник:
«Я хочу стать чемпионом по шахматам, моя цель добиться высот и стать чемпионом. Я хочу сыграть с гроссмейстерами. Моя цель ездить на соревнования и выигрывать, получать первые места».
Каждый юный шахматист получил памятный сувенир. Настоящим украшением праздника стал шахматный робот, специально привезенный из Алматы. Он вызвал настоящий восторг у детей. Юные участники смогли испытать свои силы в поединке с высокотехнологичным соперником.
Мухтар Айнакул, организатор турнира:
«Этот турнир проходит в честь международного дня шахмат. На стадионе имени Кажымукана мы проводим турнир с призовым фондом 500 тысяч. Общий призовой фонд 600 тысяч. У нас будет 7 этапов, это первый этап, каждую неделю у нас будет проходить по 1 турниру до конца лета».
Организаторы уверены, что для многих юных участников этот турнир станет важным шагом на пути к будущим победам и большим достижениям.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары