Сырмақ тігудің дәстүрлі технологиясы үйретілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сырмақ тігудің дәстүрлі технологиясы үйретілді

Шымкентте «Киізден сырмақ тігу технологиясы» атты шеберлік сабағы өтті. Шара барысында қатысушылар киізді өңдеу, сырмақтың ою-өрнегін әзірлеу, бөлшектерін біріктіру және тігу технологиясымен танысты. Ұйымдастырушылардың мұндай дәрістердің басты мақсаты – ата-бабадан мирас болған қолөнерді насихаттап, дәстүрлі өнерге қызығушылықты арттыру дейді.

Киізге түскен әр өрнек – ұлт тарихының ізі, әр сырмақ – ата-баба мұрасының көрінісі. Осы асыл өнерді дәріптеу мақсатында Шымкентте «Киізден сырмақ тігу технологиясы» атты шеберлік сабағы өтті. Қатысушылар ұлттық бұйым жасаудың қыр-сырын меңгеріп, шеберлермен бірге сырмақ тігудің дәстүрлі тәсілдерін үйренді.

Гүлнар Жолдасбекова, шебер-оқытушы:
«Бұл болашақ жастарымыздың рухани дамып, өсуіне өте қажет деп ойлаймын. Себебі біздің ұлттық дүниемізді, ұлттық құндылықтарды жастар біле бермейді. Қолмен жасаймыз. Қолмен киізді қалай басылады сол техникамен басып, киізді өңдеп, сосын өрнектің композициясын салып аламыз да, ары қарай оюластырып бір-бірімен қиюластыру, тігу процесі осы сырмақ сырудың ішінде өткізіледі»

Шеберлік сағатында қатысушылар тек теориялық мәлімет алып қана қоймай, өз қолдарымен шағын сырмақтың бөліктерін дайындап көрді. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибелік сабақтар ұлттық қолөнерді сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткізудің тиімді жолдарының бірі.

Аяулым Мықтыбек, сабаққа қатысушы:
«Маған өте қатты ұнайды қазақтың ою-өрнегі. Оның мәні мағынасы. Беретін үлкен тәрбиесі, келешекте мен осымен айналысқып келеді. Әрбір қазақтың қызы менің ойымша біліуі тиіс деп ойлаймын»

Ұлттық нақыштағы бұйымдар бүгінде тек мұражай экспонаты емес, заманауи интерьердің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары қолдан жасалған сырмақтар мен киізден жасалған сәндік бұйымдарға сұраныс едәуір өскен. Олар ұлттық мұраны дәріптеп қана қоймай, үйге ерекше көрік пен табиғи жылылық сыйлайды.

➖

В Шымкенте обучают искусству изготовления сырмака

Национальный орнамент, натуральный войлок и ручная работа — именно так рождается настоящий сырмак.

В Шымкенте мастера народного творчества провели обучающий мастер-класс, где познакомили участников с традиционной технологией изготовления одного из главных символов казахского прикладного искусства.

«Считаю, что это очень важно для духовного развития и воспитания нашей молодежи. К сожалению, многие молодые люди недостаточно знают о национальных ценностях и традициях. Мы все делаем вручную: валяем войлок по традиционной технологии, затем обрабатываем его, создаем композицию орнамента, вырезаем узоры, соединяем детали и сшиваем их. Именно так проходит весь процесс изготовления сырмака»,— рассказала мастер-преподаватель Гульнар Жолдасбекова.

Практическая часть мастер-класса стала главным этапом и самым интересной частью мероприятия. Собравшиеся попробовали самостоятельно обработать войлок, подготовить элементы орнамента и собрать фрагменты будущего сырмака.

«Мне очень нравятся казахские орнаменты, их смысл и глубокое значение. Они несут большое воспитательное значение. В будущем я хотела бы заниматься этим ремеслом. Считаю, что каждая казахская девушка должна уметь работать с войлоком»,— участница МК Аяулым Мыктыбек.

Сегодня изделия в национальном стиле — это уже не только музейные экспонаты, но и важная часть современного интерьера. В последние годы спрос на сырмак ручной работы и декоративные изделия из войлока заметно вырос.

Они не только сохраняют национальное наследие, но и придают дому особый уют, красоту и тепло.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...