16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футболдан Қазақстан чемпионаты тартысты өтуде.
Жергілікті команда бұған дейін өткен екі ойында да қарсыластарын тізе бүктіріп, екі рет басым түсті. Алда чемпиондық атақ үшін таласта шешуші рөл атқаратын маңызды кездесулер күтіп тұр. Бәсеке өте тартысты әрі әсерлі өтті: екі ұжым да жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерді көрсете білді. Жас былғары доп шеберлерінің басты мақсаты — ел чемпионы атағын жеңіп алу. Сондай-ақ олардың алдағы жоспарында «Ордабасы» футбол клубының сапына іліну немесе «Оңтүстік» академиясының Бірінші лигасында өнер көрсетіп, кәсіби мансабын жалғастыру көзделген.
Ерсұлтан Аманжол, команда ойыншысы:
«Бүгін Қостанай командасымен ойнаймыз. Бұған дейін Павлодар мен Қарағанды былғары доп шеберлерін ұттық. Қазір командамыздың жағдайы өте жақсы, бабымыз келісіп тұр. Ташкенттегі оқу-жаттығу жиынында бапкерлеріміз бен басшылықтың арқасында физикалық тұрғыдан мықты дайындықтан өттік. Мен Қазақстанның барлық чемпионатына қатыстым, алдағы басты мақсатымыз — осы ел біріншілігінде топ жарып, бірінші орынды иелену».
Қарағандылық қарсыластармен өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ал павлодарлықтарға қарсы өткен кездесуде жігіттер 6:2 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді.
Бек Нарбеков, №17 спорт мектебінің аға жаттықтырушысы:
«Қазір Қазақстан чемпионаты екі топқа бөлінді. Бастапқыда 8 команда болып, соның ішінен төртеуі шықты, ал екінші кіші топ Қостанайда өтіп, онда да үздік төрттік іріктелді. Осы жас аралығымен үш жыл бұрын чемпион атанған едік. Басты міндетіміз — үздік ойыншыларды «Ордабасы» мен «Оңтүстік» академиясына өткізу. Қазірдің өзінде үздік жеті ойыншыны алып кетті, U-17 құрамасына қабылданды, қалғандары «Ордабасы» сапында, ал тағы үшеуі «Оңтүстік» академиясына берілді».
Команда тағы бір жеңіс сериясын жалғастырып, Қостанайдан келген қарсыластарын 5:0 есебімен ойстай тізе бүктірді. Ертең, 7 тамызда жас спортшыларды Түркістан командасымен болатын кезекті тартысты матч күтіп тұр.
➖
Чемпионат Казахстана по футболу U-16 проходит в Шымкенте
Игра выдалась напряжённой и зрелищной: обе команды продемонстрировали высокий уровень подготовки, самоотдачу и стремление к победе. Главная цель спортсменов — завоевать звание чемпионов Казахстана.
В планах у молодых футболистов — попасть в состав ФК «Ордабасы», либо продолжить своё развитие, выступая в Первой лиге Академии «Онтүстік».
Полузащитник команды Ерсултан Аманжол уверен: успешные сборы и хорошая физическая подготовка помогают команде уверенно идти к чемпионскому титулу: «Сегодня у нас игра с Костанаем, и мы выиграли до этого матча Павлодар и Караганду. У нас команда сейчас в отличном состоянии, сейчас у нас хорошая форма, на сборах в Ташкенте мы набрали хорошую физику и форму, благодаря тренерам и руководству команды. Я не пропускал ни один чемпионат Казахстана, ближайшие цели выиграть этот чемпионат Казахстана и занять первое место».
Встреча с командой из Караганды завершилась победой со счётом 2:1. Не менее уверенно футболисты сыграли против соперников из Павлодара, одержав крупную победу — 6:2.
Старший тренер Бек Нарбеков рассказал о формате турнира и главной задаче подготовки молодых футболистов: «Сейчас чемпионат Казахстана разделили на 2 группы, первый у нас был 8 команд, из них 4 выходят, вторая подгруппа в Костанае, оттуда пришли тоже 4 лучших. 3 года назад мы были чемпионами с этим годом, лучших этого года, наша задача отдать в ФК «Ордабасы», и «Онтүстік Академию».
Команда продолжила свою победную серию, уверенно обыграв соперников из Костаная со счётом 5:0. Уже 7 августа ребятам предстоит очередное испытание — матч против команды из Туркестана.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары