Бірінші лига: «Оңтүстік» футбол академиясы «Астана М» командасын жеңді — Xnews — ақпарат агенттігі

Бірінші лига: «Оңтүстік» футбол академиясы «Астана М» командасын жеңді

«Оңтүстік» футбол академиясы Қазақстан бірінші лигасында кезекті маңызды кездесуін өткізді. Шымкенттік команда өзімен тікелей бәсекелес саналатын «Астана М» клубын қабылдады. Тартысты ойынға жанкүйерлер көп жиналып, ойын соңына дейін өз командаларын қолдады.

Дамелия Нұрғалиева, жанкүйер:
«Бүгін «Оңтүстік» командасына жанкүйер боламын. Футболды бұрыннан қызығып көремін. Бүгін «Оңтүстік» жеңіске жетеді деп сенемін».

Кездесу басында қонақтар басым түсті. Ойынның 8-минутында «Астана М» командасы есеп ашып, ұзақ уақыт бойы қақпасына доп кіргізбей тұрды. Соған қарамастан, жанкүйерлер шымкенттік футболшыларды соңғы минутқа дейін жігерлендіруін тоқтатпады. Нәтижесінде олардың сенімі ақталды. Матчтың 83-минутында алаң иелері есепті теңестірсе, қосымша уақытта жеңіс голын соқты. Сөйтіп кездесуді 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ерік-жігердің арқасында келген жеңіс жанкүйерлер үшін ерекше сый болды.

Әмина Нұрғали, жанкүйер:
«Бүгін «Оңтүстік» командасына жанкүйер болдым. Әкем – жаттықтырушы. Сондықтан командамыздың жеңіске жетуіне тілектеспін».

Бұл жеңіс «Оңтүстік» футбол академиясына Бірінші лигадағы турнирлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. «Астана М» командасын 2:1 есебімен жеңген шымкенттік клуб 26 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

➖

Первая Лига: «Академия Оңтүстік» вырвала победу у «Астаны М»

«Академия Оңтүстік» провела очередной важный матч в рамках Первой лиги Казахстана, встретившись с одним из своих прямых конкурентов — «Астаной М».

Игра вызвала большой интерес среди болельщиков, которые до последнего поддерживали команду и верили в положительный исход.

Несмотря на статус непростого соперника, болельщица Дамелия Нургалиева не сомневается в своей команде: «Я болею сегодня за Оңтүстік, я давно слежу за футболом. Надеюсь что Оңтүстік сегодня одержит победу».

Матч начался по сценарию гостей. Уже на 8-й минуте футболисты «Астаны М» открыли счет и долгое время удерживали преимущество. Но трибуны не переставали поддерживать хозяев, болельщики до последнего верили, что шымкентцы смогут переломить ход встречи. Их надежды оправдались: на 83-й минуте хозяева поля восстановили равновесие, а уже в компенсированное время, на 93-й минуте, вырвали победу — 2:1.

Волевая победа стала настоящим подарком для болельщиков, которые поддерживали команду до финального свистка.

Поклонница команды Амина Нургали уверена — поддержка трибун тоже помогла футболистам добиться победы: «Сегодня я болею за Оңтүстік», мой папа тренер, и я надеюсь что они победят».

Болельщики, которые до последнего верили в свою команду, получили заслуженную награду за свою поддержку.

«Академия Оңтүстік» сделала важный шаг в борьбе за лидирующие позиции Первой лиги.

Победа над прямым конкурентом — «Астаной М» — позволила шымкентской команде набрать 26 очков и подняться на 4-е место в турнирной таблице.

Otyrar.kz

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...