Шымкент: Мәдениет және өнер саласы қызметерлеріне құрмет көрсетілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Мәдениет және өнер саласы қызметерлеріне құрмет көрсетілді

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері марапатталып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, шаһарда мәдениет саласында оң өзгерістер бар екенін атап өтті.

— Мегаполис шаһар бүгінде мәдениет пен руханияттың ордасына айналды. Қала халқының мәдениетін көтеру бағытында көптеген мәдениет ошақтары қайта жаңғырды. Қаланың рухани мәдениетін көтеруде, тың идеяларды жүзеге асыруда сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Шымкент қаласында кітап оқуды дәріптеуде үш жыл қатарынан “Абай оқуларын” өткіздік. Балалардың шығармашылығын дамытуда бірнеше жобалар қолға алынды.

Кітапханаларды, архив саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Театрлардың жұмысы жанданып келеді. Жалпы айтқанда, мәдениет пен өнердің барлық саласына көңіл бөлініп отыр. Мұның бәрі де Президенттің тапсырмасымен, қала әкімінің қолдауымен жүзеге асуда, — деді қала әкімінің орынбасары

Сәрсен Абайұлы салаға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен, Шымкент қаласы әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер қала мәслихаты төрағасының “Алғыс хатына” ие болды.

Мәдениет — халықтың рухани болмысы мен парасатының өлшемі. Мәдениеттің отын өшірмей, шамын жағып жүрген азаматтарға осылайша құрмет көрсетілді.

Мерекелік іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

➖

В Шымкенте чествовали работников сферы культуры и искусства

Состоялось праздничное мероприятие, посвященное 21 мая — Дню работников культуры и искусства. В ходе торжественного собрания были награждены работники сферы культуры и искусства, а также представлена праздничная концертная программа.

Заместитель акима города Шымкента Сарсен Куранбек поздравил всех работников с профессиональным праздником и отметил наличие положительных изменений в сфере культуры мегаполиса.

«Сегодня наш мегаполис превратился в центр культуры и духовности. В целях повышения культурного уровня населения города были модернизированы многие очаги культуры. Ваш труд в повышении духовной культуры города и реализации свежих идей неоценим. Для популяризации чтения книг в городе Шымкенте мы три года подряд проводили «Абаевские чтения». Запущен ряд проектов по развитию детского творчества.

Ведется работа по цифровизации библиотек и архивного дела. Оживляется работа театров. В целом, внимание уделяется всем направлениям культуры и искусства. Все это реализуется по поручению Президента и при поддержке акима города», — сказал заместитель акима города.

Сарсен Абаевич наградил ряд граждан, внесших значительный вклад в отрасль, Почетными грамотами Министерства культуры и информации, нагрудными знаками «Мәдениет саласының үздігі» («Отличник сферы культуры») и благодарственными письмами акима города Шымкента. Кроме того, несколько сотрудников были удостоены благодарственных писем председателя городского маслихата.

Культура — это мерило духовного бытия и мудрости народа. Таким образом было высказано почтение гражданам, которые поддерживают огонь культуры и зажигают ее светильники.

Праздничное мероприятие продолжилось концертной программой.

Shymkala.kz

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...