Ардагерлер арасында турнир өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Ардагерлер арасында турнир өтті

Ардагерлер егде тартқан шақта да спортпен шұғылданудың маңызын іспен дәлелдеп, кейінгі толқынға өнеге көрсетті. Ішкі істер органдарының ардагері Әнуар Оңғарбаевтың құрметіне ұйымдастырылған арнайы турнирде спорт ақсақалдары қатысып, бәсекенің төрт түрінен өзара мықтыны анықтады.

Елсияр Қанағатов, Қазақстан спорт ардагерлері одағының төрағасы:
«Қазақстан спорт ардагерлері одағы бүгінде бірқатар іс-шараларды қолға алып жатыр. Осы жолы көшпелі отырыс өткізіп, өзекті мәселелерді, ұйымның алдағы жоспарлары мен даму бағытын талқыладық. Осы Шымкент қаласы спорт ардагерлері форумы аясында үлкен кісілердің ойнауына қолайлы спорттың төрт түрінен жарыс ұйымдастырудамыз. Мұның бәрі — өскелең ұрпақ, жастар мен жасөспірімдер 60, 70, 80, тіпті 90 жасқа таяса да спортпен шұғылданып жүрген ардагерлерімізге қарап бой түзесін, үлгі алсын деген мақсаттан туындап отыр. Сондықтан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, сәттілік тілеймін. Әр қатысушыға жеңіс тілеймін!»

Спорт ардагерлері үстел теннисі, асық ату, бильярд және шашкадан бақ сынасты.Турнирге келген қонақтар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, көрсетілген қонақжайлылыққа ризашылығын білдірді.

Валерий Громов, спорт ардагері:
«Форумға қатысу үшін арнайы келіп, дәл осындай үлкен шараға — 100 жылдық мерейтойға тап болдық. Таңертең бас қосып, атқаратын жұмыстарымыз бен мақсат-міндеттерімізді нақтылап, алдағы үлкен жоспарларымызды бекіттік. Маңызды мәселелерді талқылаған соң, міне, жарыс жолына шықтық. Біз де теннис, шахмат пен шашканы жақсы ойнай алатынымызды, ең бастысы — спорттың мәңгілік екенін жастарға көрсеткіміз келеді. Жалпы, бізді өте жоғары деңгейде күтіп алған Шымкент қала жұртшылығына алғысым шексіз. Бұдан артық қонақжайлылықты ойлап табу да мүмкін емес».

Жарыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы естелік тартулар табыс етілді.

➖

Турнир ветеранов спорта «100 лет памяти Ануара Онгарбаева»

Ветераны своим примером показали молодежи, что заниматься спортом можно и нужно, даже в преклонном возрасте.

На специальном турнире, который был посвящен ветерану МВД Ануару Онгарбаеву, аксакалы от спорта показывали мастер класс в нескольких видах.

Елсияр Канагатов, председатель Союза ветеранов спорта Казахстана: «Казахстанский союз ветеранов спорта сегодня проводит ряд мероприятий. Свое выездное заседание мы провели, обсудили проблемные вопросы, развитие дальнейшее, планы. И вот в рамках этого форума ветеранов спорта города Шымкента, мы проводим данное соревнование по четырем видам спорта, доступным для ветеранов. Это все делается для того, чтобы дети молодежь, подростки, смотря на наших ветеранов спорта , которым 60,70,80, под 90, но они занимаются спортом. Чтобы они брали пример. Поэтому от души поздравляю вас, желаю успехов, и достичь победу каждому».

Ветераны спорта соревновались в четырёх дисциплинах: настольном теннисе, асык ату, бильярде и шашках. Гости турнира отметили гостеприимство и высокую организацию спортивного мероприятия.

Валерий Громов, ветеран спорта: «Приехали сюда на форум наш, и как раз попали на такое большое мероприятие, на 100 — летие. Утром мы собрались, наметили большие планы, как мы работаем, для чего мы вообще созданы, что мы несем. Мы поговорили, теперь пришли на соревнование, показать, что мы тоже умеем играть в теннис, умеем играть в шахматы, в шашки. Показать молодежи что спорт – это на вечно. А вообще, я благодарен земле вашего города, что они нас так приняли здорово, на высшем уровне. Лучше не придумаешь».

Победители соревнований получили ценные призы и подарки.

Otyrar.kz

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...